2011 жылға ақылы - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 22 маусымдағы № 169 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 шілдеде № 3-11-91 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2012.03.02 № 35 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасын20 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы аудан бойынша жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі 1-3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Есбатырова) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы нақты жұмыс жасаған уақытына байланысты осы қаржылық жылға бекітілген ең төмеңгі еңбек ақы мөлшерімен есептелініп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыссыздың жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Қазыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі:                      А. Амиргалиев.

Ойыл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 22 маусымдағы
№ 169 қаулысымен
бекітілген № 1 қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. «Құрылыс бригадасы»
      Су, газ, кәріз құбырларын және басқа коммуникация жүйелерін төсеу және жөндеу, мектеп, балабақша, аурухана және басқада бюджеттік сала объектілерін жөндеу. Құрылыс аяқталмаған, жартылай қираған ғимараттарды қалпына келтіру. Жаңа жолдарды төсеу және қолданыстағы жолдарды және жол жиектерін, тротуарларды шөптен тазартуға, жөндеуге, жолға төселген материалдарды бекітуге, ұзақ жолға жүретін қоғамдық көліктің тұрағын көркейтуге көмек көрсету.
      2. «Ауыл шаруашылығы жұмыстары»
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге, дайындауға және жинауға маусымдық көмек көрсету (көкөніс және бақша өнімдері). Қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өріске жаю мен күзету. Малдарды идентификациялау.
      3. «Көркейту»
      Аулаларды, гүлзарларды, парктерді, елді мекендерді көркейту. Екпе ағаштарды отырғызу және күту, гүлзарларды отырғызу, парктерді бөлу. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру. Ағаштардың, гүлдердің көшеттерін аумақтарды жасыл желектендіру және абаттандыру кезінде одан әрі пайдалану мақсатында өсіру. Тұрмыстық, қатты қалдықтарды көмуді ұйымдастыруға көмектесу және көму
      4. «Туған өлке»
      Отынды дайындау, құдықтарды, бұлақтарды тазарта отырып, отырғызылған ағаштарды тазарту. Көпшіліктің шомылуына пайдаланатын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоршау.
      5. «Санақ»
      Республикалық, аймақтық науқандарды (түрлі санақтар, әскерге шақыру, зейнетақы және жәрдемақыларды қайта есептеуге көмектесу, халыққа қызмет көрсету орталығында көмек беру) ұйымдастыруға қатысу және салықтарды жинауға көмектесу.
      6. «Кең көлемді шаралар өткізуге септесу»
      Мәдени мақсаттағы ауқымды іс - шараларды (спорттық жарыстар, халықтық мерекелер) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету.
      7. «Сарбаздар»
      Қоғамдық тәртіпті сақтау. Кент және елді мекендерде құқық тәртібін күзетуде көмек көрсету.
      8. «Жасөспірімдер мен жастармен жұмыс жүргізу»
      Тарихи–сәулеттік ескерткіштерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру, оларды күзету және күту. Молаларды, бауырластар зираттарын абаттандыру, тазалау және күзету.
      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары
      Жұмыс аптасы 5 күн, екі демалыс күндерін құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы еңбек табелінде көрсетілген нақты жұмыс уақытына байланысты жұмыссыздың жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, еңбек қауіпсіздігіне байланысты нұсқаулық жүргізіледі, арнаулы киіммен, құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі, зейнетақы және әлеуметтік есептемелер, уақытша еңбек етуге жарамсыздығына әлеуметтік жәрдемақы төлемі жүргізіледі.

Ойыл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 22 маусымдағы
№ 169 қаулысымен
бекітілген № 2 қосымша

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтитын,
қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізбесі

Мекемелер атауы

1

2

1

2

3

4

5

6

7

«Ойыл ауылдық (селолық) округ» мемлекеттік мекемесі

«Көптоғай ауылдық округ» мемлекеттік мекемесі

«Қайынды ауылдық округ» мемлекеттік мекемесі

«Сарбие ауылдық округ» мемлекеттік мекемесі

«Шығанақ Берсиев атындағы селолық округ» мемлекеттік мекемесі

«Қараой селолық округ» мемлекеттік мекемесі

«Саралжын селолық округ» мемлекеттік мекемесі

7

барлығы

Ойыл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 22 маусымдағы
№ 169 қаулысымен
бекітілген № 3 қосымша

Ойыл ауданы бойынша 2011 жылы ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың көлемі
(1 адамға айлық еңбекақы мөлшері – 15999 теңге есебімен)

Қ/с

Ұйымдастырылатын ақылы қоғамдық жұмыс түрлері

Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылатын адам саны

Барлығы

I тоқ

II тоқ

III тоқ

IV тоқ

1

Құрылыс бригадасы

40

5

6

13

16

2

Ауыл шаруашылы жұмыстары

10

-

2

4

4

3

Көркейту

20

-

10

10

-

4

Туған өлке

82

12

10

42

18

5

Санақ

15

7

4

2

2

6

Кең көлемді шаралар өткізуге септесу

10

3

2

2

3

7

Сарбаздар

14

5

2

2

5

8

Жасөспірімдер мен жастармен жұмыс жүргізу

9

3

4

2

-


Жиыны:

200

35

40

77

48

кестенің жалғасы

Қ/с

Ұйымдастырылатын
ақылы қоғамдық жұмыс түрлері

Келісім шарт бойынша жұмыс көлемі мың. теңге

Жұмыс мерзімі

Барлығы

Оның ішінде

I тоқ

II тоқ

III тоқ

IV тоқ

1

Құрылыс бригадасы

2374,0

243,0

290,0

630,0

1211,0

3 ай

2

Ауыл шаруашылы жұмыстары

435,0

-

75,0

180,0

180,0

3 ай

3

Көркейту

900,0

-

500,0

400,0

-

3 ай

4

Туған өлке

3999,0

592,0

455,0

2000,0

952,0

3 ай

5

Санақ

680,0

260,0

220,0

100,0

100,0

3 ай

6

Кең көлемді шаралар өткізуге септесу

440,0

140,0

80,0

80,0

140,0

3 ай

7

Сарбаздар

670,0

235,0

100,0

100,0

235,0

3 ай

8

Жасөспірімдер мен жастармен жұмыс жүргізу

510,0

160,0

240,0

110,0

-

3 ай


Жиыны:

10008,0

1630,0

1960,0

3600,0

2818,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады