Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 1, 2 тармақтарындағы "аула" сөздері "села" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 24.03.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және ауылдық округ тұрғындарының пікірін ескере отырып Қараой ауылдық округінің Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қараой ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Тәуелсіздік көшесі;
2) Жетікөл көшесі;
3) Еңбеккерлер көшесі;
4) Қазақстан - 2030 көшесі;
5) Ынтымақ көшесі;
6) Алашорда көшесі;
7) Астанаға 10 жыл көшесі;
8) Өркениет көшесі;
9) Жасқайрат көшесі;
10) Желтоқсан көшесі.
2. Құбасай ауылы көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Қызылқорған көшесі;
2) Бейбітшілік көшесі.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қараой ауылдық округінің әкімі: | С. Жұманғалиев |