1. Қараой ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 5 "Қараой селолық округінің елді - мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-96 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі 1, 2 тармақтарындағы "аула" сөздері "села" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қараой ауылдық округінің әкімі | С. Жумангалиев |