Үгіт баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 27 қаулысы. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда № 3-13-146 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011.07.08 № 136 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4-ақпандағы № 1149 «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28-қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімі                    Р.Сыдықов.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 27 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Қала, село, елді мекен атаулары Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар.

1.

Қауылжыр селосы

Мәдениет клубының алдыңғы беті, Есет батыр көшесі № 1 үй

2.

Бозой селосы

«Арай» мәдениет үйінің ғимараты, Ұ.Бақтыбай көшесі № 31 үй

3.

Қаңбақты ауылы

Аяққұм негізгі мектебі.

4.

Шілікті селосы

Мәдениет үйінің алдыңғы беті, Сартепсен көшесі 6.

5.

Қарашоқат станцасы

Қарашоқат орта мектебінің алдыңғы беті, Теміржолшылар көшесі-13.

6.

Шоқысу стансасы

Шоқысу негізгі мектебінің алдыңғы беті,Теміржолшылар көшесі-5.

7.

Қаратоғай селосы

Қаратоғай орта мектебінің ғимараты, Молдағазы көшесі-24.

8.

Тұмалыкөл ауылы

М.Орынбасаров атындағы орта мектебінің ғимараты,Мектеп көшесі 12.

9.

Мөңке би ауылы

Мөңке би селолық округі әкімшілігі ғимаратының алды,Ардагерлер көшесі -15.

10

Біршоғыр стансасы

Селолық клуб ғимараты, Тихонов көшесі-3.

Селолық пошта байланыс бөлімшесі, О.Отарбаев көшесі-32.

11

Алабас елді мекені

Алабас негізгі мектебінің ғимараты,Бірлік көшесі-2.

12

Сарысай елді мекені

Сарысай негізгі мектебінің ғимараты, Желтоқсан көшесі-10.

13

Аққайтым селосы

Жаңақоныс орта мектебінің алдыңғы беті,Достар көшесі-1.

14

Қопасор ауылы

Қызылту негізгі мектебінің ғимараты, Копасор көшесі-25.

15

Бегімбет селосы

«Ернұр» дүкені, Қарағұл көшесі-12.

16

Есет ауылы

«Сарыбұлақ» негізгі мектебінің ғимараты,Ордақонған көшесі-25.

17

Байқадам ауылы

«Қорғантұз» орта мектебі ғимаратының алды,Е.Көтібарұлы көшесі-10.

18

Алақозы елді мекені

Бұрынғы «Алақозы» бастауыш мектеп ғимаратының алды.

19

Қотыртас селосы

Селолық округ әкімшілігі ғимаратының алдыңғы беті,Мектеп көшесі-4.

20

Қорғанжар елді мекені

Бастауыш мектеп ғимаратының алды,Достық көшесі-4.

21

Қауылжыр станцасы

Темір жол стансасы ғимаратының алды, Ақжар көшесі-18.

22

Тоғыз ауылы

№ 7 орта мектебі ғимаратының алды, Толағай көшесі-7.

23

Көпмола стансасы

№ 36 бастауыш мектеп ғимараты, Көпмола көшөсі-45.

24

Жылан стансасы

№33 бастауыш мектеп ғимараты,Жылан көшесі-33.

25

Жылтыр селосы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдыңғы беті, Қайнар көшесі-11.

26

Талдықұм ауылы

Орта мектеп ғимараты, Мектеп көшесі-11.

27

Шалқар қаласы

Аудандық пошта байланыс торабы ғимаратының алды,Әйтеке би көшөсі-54.

Темір жол бекеті ғимараты алды, Резванов көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады