Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 24.12.2014 № 283 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Шалқар ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2.
Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға жүктелсін.
3.
Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Р. Сыдықов. |