2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қаңтарда № 3-13-165 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2012.06.14 № 02 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Шалқар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Шалқар ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      Тіркеуді өткізу бойынша іс шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.
      2. Ұсынылсын:
      1) «Шалқар аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша), тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізу;
      2) Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру.
      3. Селолық округтерінің әкімдері, тіркеуді өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілерді және шақырушыларды хабардар етуді, олардың дер кезінде «Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
      4. «Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын.
      Тіркеу қорытындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Садықовқа және «Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Қоңыратбаевқа жүктелсін
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                  Р. Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады