Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы N 6-203 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 25 наурызда N 2-1-138 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 04 мамырдағы N 14-475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012.05.04 N 14-475 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5–бабы 2-тармағына, 7–бабының 5-4) тармақшасына18-1 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға әдейі арналған, жұмыс орындарының саны шектелмейтін, жұмыс уақытша сипатта болатын және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайтын ерекшеліктерді ескере отырып, жұмыс берушілердің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін, нысаналы топтардағы (табысы аз адамдар, жиырма бір жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), мүгедектер, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар, бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар, оралмандар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер, жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар) жұмыссыздарды уақытша, жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы, әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтағы жұмыссыздардың айлық жалақысы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес белгіленсін.
      4. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б. Мұхаметжан):
      1) нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдау мен жолдауды;
      2) нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушілермен келісім шарттар жасауын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады