"Талдықорған қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 сәуірдегі N 258 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 16 мамырда N 2-1-143 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 қазандағы N 80 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2012.10.22 N 80 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берілген "Талдықорған қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихатының әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі комиссия төрағасы С. Жансеңгіровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс XXXV сессияның
      төрағасы, қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        М. Бопазов

Талдықорған қалалық мәслихатының
2011 жылғы 22 сәуіріндегі
"Талдықорған қаласының құрметті
азаматы" атағын беру Ережесін
бекіту туралы N 258 шешімімен
бекітілген

"Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" атағын беру ережесi" (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" атағын беру тәртiбiн реттейдi.
      2. "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" атағы (бұдан әрi – Атақ):
      1) қаланың экономикасын, ғылымын және мәдениетiн, өнерiн, бiлiмiн, денсаулық сақтау және әлеуметтiк салаларын дамытуға үлес қосқаны.
      2) мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi, демократиялық, жариялылық және әлеуметтiк прогресс, рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамытуға қосқан еңбегi.
      3) спортта, мемлекеттiк және әскери қызметте жеткен жетiстiгi.
      4) қайырымдылық қызметi және мейiрмандылығы.
      5) халықаралық келiсiм мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбiтшiлiктi, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту жөнiндегi жемiстi жұмысы.
      6) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметі.
      7) әдебиет және журналистикада жоғарғы көркем туындылары;
      қоршаған табиғи ортаны сауықтырғаны үшін беріледі.
      3. Атақ Талдықорған қаласының аумағында тұрақты тұрып жатқан қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдiк азаматтарға берiледi.

2. Атақты беруге ұсынудың тәртібі

      4. "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" атағын беру туралы шешімді қала әкімінің ұсынуымен қалалық мәслихат қабылдайды.
      5. "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" атағына ұсыну туралы кепілдемесін ұйымдардың, кәсіпорындардың, ведомстволардың, мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық одақтардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және басқалардың басшылары қала әкімі аппаратының қарауына ұсынады.
      6. Атаққа ұсынылушының кандидатурасы мен мінездемесі ол жұмыс істейтін ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, шығармашылық одақтың, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе басқаның еңбек ұжымындағы жиналыста қарастырылады.
      7. Атаққа ұсынылушының әрқайсысына қосымшаға сәйкес награда қағазы толтырылады. Награда қағазында оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тегi, аты, әкесiнiң аты, жұмыс орнының және лауазымының толық атауы наградаға ұсынылушының жеке басын сипаттайтын мәліметтер, саладағы және осы ұжымдағы жалпы еңбек өтілі, оның нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәлімет, жұмысының негізгі нәтижелері көрсетіледі.
      8. Награда қағазында марапатталушының нақты еңбек көрсеткiштерi мен шығармашылық еңбектерi, қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасы туралы мәлiметтер, негiзгi жұмыс нәтижелерi баяндалған, сондай-ақ қаланың әлеуметтiк, экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесi көрсетiлген мiнездеме келтiрiледi.
      9. Атаққа ұсынылған ғалым, ғылым мен техника қайраткерлерінің награда қағаздарына ғылыми жұмыстарының тізімі, өнертапқыштар үшін – экономикалық тиімділігін көрсете отырып енгізілген жаңалығының тізімі, нотариус куәландырған жаңалығының куәлігінің көшірмесі немесе фотокөшірмелері тіркеледі.
      10. Награда қағазына ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, шығармашылық одақтың, жергілікті өзін-өзі басқару органының басшылары қол қояды, сондай-ақ басшылардың қолы қойылған ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, шығармашылық одақтың, жергілікті өзін-өзі басқару органының мөрімен бекітіледі.
      Награда қағазы компьютерлік техниканы пайдалана отырып, толтырылады. Награда қағазына 3*4 сантиметр көлемінде 2 түрлі-түсті фотосурет тіркеледі.
      11. Дұрыс ресімделмеген награда құжаттары қарауға қабылданбайды.
      12. "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" атағы берілген адамдарға куәлік, төсбелгі және лента тапсырылады.
      13. "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" кеуде белгісі мен куәлігін қала әкімі мен қалалық мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.
      14. Тапсырылғаны туралы хаттама жасалып, оған тапсырған адам қол қояды.
      15. "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" атағы берілген адамдар туралы мәліметтер "Талдықорған қаласының құрметті адамдары кітабына" енгізіледі.

3. Куәліктің, төсбелгінің және лентаның сипаттамасы

Куәлік

      17. Куәлiк қою көк түстi немесе қою күрең түсті қатты қаптамадан жасалады, жайылған күйдегi көлемi 6,5 х 18,5 сантиметр, сыртқы бетiнде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленiп, "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" деп баспа қарiппен мемлекеттік тiлiнде жазылған.
      18. Куәлiктiң iшкi жағы ақ түстi ұсақ көк торкөздерімен, сол және оң жағында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде: "Қазақстан Республикасы" және "Республика Казахстан" деген мәтiндер терiлген, куәлiк нөмiрi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қалалық мәслихаттың қабылдаған шешiмiнiң нөмiрi, датасы және берiлген күнi көрсетiледi.
      19. Iшкi оң жақ бетте Талдықорған қаласының таңбасы және "Талдықорған қаласы" деген сөз бар, iшкi сол жақ бетiне көлемi 3х4 сантиметр болатын сурет (анфас) жапсырылады. Суреттен төмен Талдықорған қаласы әкiмiнiң қолы қойылады.
      20. Куәлiкке қойылған қол "Куәлікке арналған. Для удостоверений" мөрімен расталады.
      21. Куәлiктiң сол және оң жақ беттерi ламинатталады.

Төсбелгi

      22. Төсбелгi гальваникалық жолмен жұқа қабатты никель мен алтын жалатылған төменгi температуралы металл қосындыларынан жасалады.
      23. Атақтың төсбелгiсi екi элементтен тұрады: кеудеге тағатын негiз және алқасы. Кеудеге тағатын негiздiң iшi көк түстi эмальмен құйылған, "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" деген жазуы бар.
      Алқада Талдықорған қаласының таңбасы бейнеленген.

Лента

      24. Лента ұзындығы – 210 сантиметр, енi – 20 сантиметр көк түстi матадан жасалынған. Лентаның ортасында алтын түспен жазылған "Талдықорған қаласының құрметтi азаматы" деген алтын түстi жiппен көмкерiлген жазу бар. Екi жақ ұшы алтын түстi шашақтармен көмкерiлген.

4. Атақтан айыру негiздемесi

      25. Атақ берiлген адам қылмыс жасаған, заңды күшiне енгеннен сот шешімінен кейiн, үлкен қоғамдық наразылық тудыратын жағымсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайда, атақ беру туралы кепілдеме енгізген органның ұсынысы бойынша қалалық мәслихаттың шешiмiмен атағынан айырылады.
      26. Осы Ереженiң 25-тармағында көрсетiлген негiздемелер бойынша Атақтан айырылған адам Атақ беруге қайта ұсынылмайды.
      27. Сот шешімі бойынша заңсыз сотталғандар және толық ақталғандардың атаққа құқығы Талдықорған қаласы мәслихатының шешімімен қайта қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады