Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 39-305 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 13 қаңтарда N 2-3-101 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2013 жылғы 13 мамырдағы N 14-91 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 13.05.2013 N 14-91 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 381382386-баптарына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.аТекелі қаласы және Рудничный кенті бойынша 2012 жылға арналған жер салығының ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2.аТекелі қалалық мәслихатының "Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы" 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 26-196 (Текелі қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда 2-3-85 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 7 қаңтарда "Текелі тынысы" газетінің 1 нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын деп танылсын.
      3.аОсы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет және экономика мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына (төрағасы Константин Михайлович Нестеров) жүктелсін.
      4.аОсы шешім 2012 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      IV шақырылымындағы кезекті ХLI
      сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы                           Н. Калиновский

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Текелі қаласы бойынша
      салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ілімжанова Заида Әбдімананқызы
      15 желтоқсан 2011 жыл

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Текелі қаласының жер
      қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Есболатов Болат Бүркітбайұлы
      15 желтоқсан 2011 жыл

Текелі қалалық мәслихатының
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
"Жер салығының ставкаларын
белгілеу туралы" № 39-305
шешіміне қосымша

Текелі қаласы және Рудничный кенті бойынша 2012 жылға арналған
жер салығының ставкалары


(теңгемен, алаңның бір шаршы метріне шаққанда)

рет

Жерді пайдалану бағыты

Текелі
қаласы

Рудничный
кенті

1

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары.

6,75

0,96

2

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары.

0,39

0,13

3

Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары, көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда.

0,20

0,20

4

Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға.

0,20

0,20

5

Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда.

67,5

9,6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады