Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысының Текелі қалалық мәслихатының 2010 жылғы 03 желтоқсандағы N 26-196 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 29 желтоқсанда N 2-3-85 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 39-305 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2011.12.15 N 39-305 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 381382,  386-баптарына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қаласы және Рудничный кенті бойынша 2011 жылға арналған жер салығының ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Текелі қалалық мәслихатының "Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 15-136 (Текелі қалалық әділет басқармасында 2010 жылы 11 қаңтарда 2-3-70 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтарда "Текелийский рабочий" газетінің 4 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет және экономика мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына (төрағасы Константин Михайлович Нестеров) жүктелсін.
      4. Осы 2011 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      IV шақырылымындағы кезекті
      ХXVІІІ сессиясының төрайымы                Н. Сибирякова

      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Калиновский

Текелі қалалық мәслихатының
2010 жылғы 3 желтоқсандағы
"Жер салығының ставкаларын
белгілеу туралы"
N 26-196 шешіміне
қосымша

Текелі қаласы және Рудничный кенті бойынша 2011 жылға арналған
жер салығының ставкалары

(теңгемен, алаңның бір шаршы метріне шаққанда)

рет N

Жерді пайдалану бағыты

Текелі
қаласы

Рудничный
кенті

1

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары

6,75

0,96

2

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары

0,39

0,13

3

Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары, көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда

0,20

0,20

4

Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға

0,20

0,20

5

Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда

67,5

9,6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады