Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Қаракөз ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 22 қыркүйекте N 2-4-136 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 30 мамырдағы N 2/354 ұсынысы негізінде Қаракөз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қаракөз ауылдық округінің Қаракөз және Қеңқарын ауылдарына, ұсақ мүйізді малдар арасында сарып ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                Б. Байболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады