РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 31 мамырдағы N 2/356 ұсынысы негізінде Ойтоған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ойтоған ауылдық округінің Ойтоған ауылына, ұсақ мүйізді малдар арасында сарып ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Б. Атағозин