Алакөл аудан әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 3-59 қаулысына өзгерістер енгізу

Мерзімі біткен

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі N 9-288 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 11 қазанда N 2-5-159 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағы, 20-бабының 1-тармағы негізінде Алакөл аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алакөл аудан әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып қамтамасыз ету туралы" N 3-59 Қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 8 сәуірінде N 2-5-146 тіркелген, 2011 жылдың 23 сәуіріндегі N 18 (7444) аудандық "Алакөл" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қосымшаға:

      -комиссия мүшесі болып, аудандық шақыру комиссиясының құрамына "Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығының орынбасары Байжуманов Бағлан Байжуманұлы енгізілсін;

      -аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Ирмекеев Ерлан Аяжанұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Ә. Жақанбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады