Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Архарлы ауылдық округі әкімінің 01.11.2011 № 3 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасы және 2011 жылғы 02 маусымдағы N 21 Алакөл аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Арқарлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Арқарлы ауылдық округінің Арқарлы елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Арқарлы ауылдық округінің бас маманы Талғат Сабыржанұлы Қоңыровқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқарлы ауылдық | |
округінің әкімі | А. Тоқтабаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауылшаруашылығы Министрлігі | |
агроөнеркәсіп кешендегі | |
мемлекеттік инспекция комитетінің | |
Алакөл аудандық аумақтық | |
инспекциясының бастығы | Арман Маратұлы Қабаев |
08 қыркүйек 2011 жыл | |
Алакөл аудандық мемлекеттік | |
санитарлық-эпидемиологиялық | |
қадағалау басқармасы бастығы | Фурман Скендірұлы Шағайбаев |
08 қыркүйек 2011 жыл