Бруцеллез ауруының шығуына байланысты қойылған шектеу іс-шараларын және карантин режимін тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Архарлы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-бабтарын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 32 сәйкес Алакөл аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық- санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде, Архарлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Архарлы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 08 қыркүйектегі "Бруцеллез ауруының шығуына байланысты қойылған шектеу іс-шараларын және карантин режимін тоқтату туралы" № 2 шешімінің күші жойылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын Архарлы ауылдық округінің мал дәрігері жөніндегі бас маманы Қоныров Талғат Сабыржанұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Архарлы ауылдық округінің әкімі А. Тоқтабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады