Екпінді ауылдық округіне қарасты Қарлығаш, Үшқайың ауылдарындағы атаусыз көшеге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі N 12 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 22 шілдеде N 2-5-149 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Екпінді ауылдық округінің әкімі ШЕШЕМІН:
      1. Екпінді ауылдық округіне қарасты Қарлығаш ауылындағы атаусыз көшелерге Әнуар Әлімжанов, Кәмәси Өмірзақов, Кәрім Ақшолақов, Қалибек Абдраханов, Тәуелсіздік аттары және Үшқайың ауылындағы атаусыз көшелерге Төлеген Абдолдинов, Әбілмәжін Әлібеков, Сазанбай Малтабаров аттары қойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі:                               Әзімжанов Б

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады