Ескелді ауданының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 04 тамыздағы N 167 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 16 қыркүйекте N 2-9-128 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 08 шілдесіндегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 03 наурыздағы N 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 03 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 03 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" N 250 Қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кенттік, ауылдық округ әкімдеріне Қарабұлақ кентi, Строитель көшесi N 13 мекен-жайындағы шақыру учаскесiне "Алматы облысы Ескелдi ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмі" мемлекеттік мекемесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Кенттік, ауылдық округ әкімдері 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      5. "Ескелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығы (Қайрат Мұхаметқалиұлы Жұрунов келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде ұйымдастырып жүргізсін, ішкі істер органдары әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптік сақталуын қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қайырғали Айтжанұлы Әлібаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                С.М. Дүйсембінов

Аудан әкімдігінің 2011 жылдың
4 тамыздағы N 167 "Ескелді
ауданының азаматтарын 2011 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру туралы"
қаулысына бекітілген
1-қосымша

Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру өткізуді ұйымдастыру
үшін аудандық комиссиясының құрамы:

      1. Асан Уахитұлы Қанағатов - Ескелді ауданының қорғаныс істері жөнінде бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы.
      2. Идиал Садықұлы Жаманбалин - Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

      3. Болат Жібегенұлы Берліқожанов - Ескелді аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция полковнигі.
      4. Динара Садыханқызы Даулбаева - Дәрігерлік комиссияның төрайымы, аудандық орталық аурухананың терапия бөлімінің меңгерушісі.
      5. Сара Боранбекова - Комиссия хатшысы, аудандық орталық аурухананың медбикесі.

Аудан әкімдігінің 2011 жылдың
4 тамыздағы N 167 "Ескелді
ауданының азаматтарын 2011 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру туралы"
қаулысына бекітілген
2-қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ

N

Кенттік,
ауылдық
округтер
атауы

сәуір

мамыр

қазан

қараша



4

5

6

7

8

11

16

17

18

19

3

4

5

6

7

10

11

7

8

9

10

11

1

Қарабұлақ к/о

+






+




+






+

+





2

Алдабергенов а/о



+






+



+






+





3

Бақтыбай а/о


+






+





+






+




4

Жалғызағаш а/о




+





+





+





+




5

Қайнарлы а/о





+



+






+






+



6

Көкжазық а/о




+




+







+





+



7

Қоңыр а/о






+




+





+






+


8

Қаратал а/о






+




+






+





+


9

Төлеңгіт а/о






+




+






+






+

10

Сырымбет а/о





+


+










+





+

11

Ақын Сара а/о



+






+




+









+

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады