РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Ескелді аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Алдабергенов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жастар ауылындағы Учхоз көшесінің атауы Бақты Ниязбеков көшесі атауына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Алдабергенов ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Н.Байшапановқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен сон қолданысқа енгізілсін.
Алдабергенов ауылдық
округінің әкімі Т. Мусапиров