РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданында орналасқан меншіктің барлық нысанындағы ұйымдарда, кәсіпорындарда және мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Қарасай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 маусымдағы "Мүгедектерге жұмыс орнын белгілеу квотасы туралы" № 6-966 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылдың 04 шілдесінде 2-11-27 нөмірімен енгізілген, 2006 жылдың 24 шілдесінде "Заман жаршысы" газетінің 28 нөмірінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Дәуренбаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қарасай ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
бастығы | Жұмағұлов Махмұдбек Нүсіпбекұлы |