Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011.09.27 N 266 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2011 жылғы 23 сәуірдегі N 54 және 25 сәуірдегі N 63 сараптамалары, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 248 ұсынысы негіздерінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаңбақты ауылдық округінің "Ақжар" ауылына ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс–шаралары енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Медеуов