Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 08 қыркүйектегі N 244 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 22 қыркүйекте N 2-12-178 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қарашадағы N 315 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық әкімдігінің 15.11.2011 N 315 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2011 жылғы 15 маусымдағы N 444 және 2011 жылғы 22 маусымдағы N 545 сараптамалары, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2011 жылғы 23 маусымдағы N 404 ұсынысы негіздерінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балпық ауылдық округінің "Жаңаталап" ауылында ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Дүйсембінов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіп кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Каратал аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Нұрәділ Нұрқасымұлы Бекбосынов
      08 қыркүйек 2011 жыл

      Қаратал ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Владимир Петрович Маркевич
      08 қыркүйек 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады