РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын - ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ер жынысты ересек азаматтарды Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Строителей көшесі, N 13 мекен-жайда орналасқан шақыру учаскесіне "Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қенттік, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Алматы облысы, Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3. 1994 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскелерінде тiркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 12-25 шешiмiнiң (нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылдың 18 қаңтарында 2-14-103 нөмірімен енгізілген, 2011 жылдың 28 қаңтарында N 4 (59) "Нұрлы Көксу" газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Садықова Әлия Секерғалиқызына жүктелсін.
5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Өсербаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Алматы облысы, Ескелді
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы, подполковник Қанағатов Асан Уахитұлы
28 желтоқсан 2011 жыл