1994 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 12-25 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 18 қаңтарда N 2-14-103 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы N 12-48 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2011.12.28 N 12-48 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу мақсатында Көксу ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Строителей көшесі, N 13 мекен жайда орналасқан шақыру учаскесіне "Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Кенттік, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгіленген мерзімде Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Садықова Әлия Секерғалиқызына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Өсербаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Алматы облысы Ескелді
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі" бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің бастығы,
      подполковник м.о.                          Қанағатов Асан Уахитұлы
      15 желтоқсан 2010 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады