Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық әкімдігінің 03.02.2014 N 55 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына және 5-бабының 2-тармағына сәйкес және осы заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген „Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесі“ негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақылы қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай айқындалып, жұмыссыз азматтар үшін уақытша жұмыс орнын құру жолымен ұйымдастырылсын.
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері № 1 қосымшаға, көлемі мен нақты жағдайлары, ұйымдардың тізбелері, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі № 2 қосымшаға сай бекітілсін.
3. Райымбек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы», (Аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 23 ақпандағы 2-15-81 нөмірімен нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2010 жылғы 27 ақпанында аудандық «Хантәңірі» газетінің № 9 (7619) санына жарияланған) № 22 қаулының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары Қуанышев Ерлік Қуанышұлына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Айтжанов
Райымбек ауданы әкімдігінің
23 ақпандағы 2011 жылғы
№ 55 ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы қаулысының
№ 1 қосымшасы
Ұйымдастырылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері
1. Елді мекендерде, парктерде экологиялық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу;
2. Елді мекендердің, өндірістік кәсіпорындардың, мекемелердің аумағын тазалау, ағаштардың қураған сабақтарын кесу, түбін әктеу, қоршауларды түзеу және сырлау жұмыстарын жүргізуде селолық, поселкелік округ әкімдіктеріне, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарына көмектесу;
3. Кең көлемді мәдени шаралар өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсету (шара өтетін жерлерді тазалау, әктеу, сырлау, стенд, билборд, плакаттар ілу, шақыру билеттерін тарату);
4. Көшелерде, парктерде су жүретін арықтарды қазу, тазалау, суландыру жұмыстарын жүргізу;
5. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету (әлеу-меттік қызметкер);
6. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету (әлеуметтік қызметкер)
7. Науқандық мал санағы жұмыстарына көмектесу (сауалнама, шақыру қағаздарын тарату);
8. Бюджеттік төлемдер төлеуге байланысты селолық, поселкелік округ тұрғындарына төлемдер төлеу мерзімі мен көлемі жайлы ескерту қағаздарын тарату;
9. Кезекті әскер қатарына шақыруға байланысты, азаматтарға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру қағазын тарату, шақырылушылардан жинақталған құжаттарды жинактау папкаларына реттеп тігу жұмыстарына көмектесу;
10. Даңқ аллеяларының, ескерткіштердің айналасын тазалау, қоршауларын түзеу, сырлау, ағаштардың түбін әктеу;
11. Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің үйлерін жөндеу, ауласын тазалау, қор-шауларын түзеу және сырлау жұмыстарына көмектесу;
12. 18-жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына төленетін балалар жәрдем-ақысын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына төленетін тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасыларын, учаскелік комиссияның отырысына шақыру, қабылданған құжаттарды реттеп тігу, жәрдем ақының тағайындалғаны немесе тағайындалмағаны жайлы ескерту хабарламаларын тарату;
13. Елді мекендердегі көшелерді тазалау, шұңқырларды құм-таспен толтыру, көше жиектеріне ағаш егу, шарбақтарды түзету.
14. Сайлау науқаны кезінде, сайлаушыларға шақыру қағаздарын тарату;
15. Кітапханаларда кітаптарды түптеу, жыртылған кітаптарды желімдеу, қаптау жұмыстарына көмектесу;
16. Мекемелердің мұрағаттарындағы іс - қағаздарының тозған қаптарын айырбастау, тігу, бумаға байлап, сөрелерге реттеп орналастыру, әлеуметтік сауалнама қағаздарын тарату жұмыстарына көмектесу;
17. Шаруашылық кітаптарын толтыруға қажетті қосымша мәліметтерді анықтау үшін ауыл тұрғындарын әкімдікке шақыру;
18. Тарихи сәулеттік ескерткіштердің айналасын тазалау, бордюрлерін, қоршауларын түзеу, сырлау, гүлзарларға гүл егу, ағаштар отырғызу, түптерін әктеу, күтіп-баптау жұмыстарына көмектесу;
19. Көшеттер отырғызуға, оларды күтуге көмектесу;
20. МЗТО-на зейнетақы қорларымен салыстыру жүргізуге көмек көрсету.
21. Жұмысқа орналасуға мұқтаж азаматтардың еңбек нарқына бейімделулеріне, жұмыс іздеу тәсілдерін үйренулеріне, кәсіптік бағдар, кеңестер алуларына, босаған немесе жаңа ашылған жұмыс орындарын іздеулеріне қажетті ақпараттарды тарату, жұмыссыздарды уәкілетті органға шақыру;
22. Аз қамтылған отбасы балаларымен жұмыс істеу аула клубтарын ұйым-дастыру жұмыстарына көмектесу;
23. Мүгедек азаматтарға көмек қолын созу;
24. Ауыл тұрғындарына суға төлем, ескерту және келісім шарт қағаздарын таратуға көмектесу.
25. Халықтың арасында сауалнама жұмыстарын жүргізу, саяси науқандар, семинарлар, жиналыстар өткізу кезіндегі ұйымдастыру жұмыстарына көмектесу.
Ескерту: Қоғамдық жұмыстар тізбесі жергілікті атқарушы органдардың шешімімен толықтырылуы мүмкін.
Атқарылатын жұмыстар аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық пайдалы болуы тиіс.
Ұйымдардың штаттық қызметкерлерін ығыстыруға және алмастыруға, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда қоғамдық жұмыстар есебінен штаттан тыс қызметкерлер ұстауға жол берілмейді.
Райымбек ауданы әкімдігінің
23 ақпандағы 2011 жылғы
№ 55 ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы қаулысының
№ 2 қосымшасы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі
мен нақты жағдайлары, ұйымдардың
тізбелері қатысушылардың еңбегіне
төленетін ақының мөлшері және
оларды қаржыландыру көзі
Ре ті № |
Қоғамдық жұмыс- тарды ұйымдас-тырушы жұмыс беруші- лер атауы |
Ұйымдастыры-латын қоғамдық жұмыстардың түрлері | Көлемі мен нақты жағдайлары | Қатысушы-лардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері | Қар-жыландыру көзі |
---|---|---|---|---|---|
1 |
Кеген селолық округі әкімдігі |
1. Елді мекендерде, парктерде экологиялық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу; |
Қоғамдық жұмыстар тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдаланбай, жұмыссыздарға әдейі арналған; |
Қазақстан Республи-касының заңында белгілен-ген айлық жалақының ең төменгі мөлшерін-де(15999) |
Жергі-лікті бюджет |
2 |
Нарынқол селолық округі әкімдігі |
1. Елді мекендерде, парктерде экологиялық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу; |
Қоғамдық жұмыстар тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдаланбай, жұмыссыздарға әдейі арналған; |
Қазақстан Республи-касының заңында белгілен-ген айлық жалақының ең төменгі мөлшерін-де(15999) |
Жергі-лікті бюджет |
3 |
Тұйық селолық округі әкімдігі |
||||
4 |
Саты селолық округі әкімдігі |
||||
5 |
Жалаңаш селолық округі әкімдігі |
||||
6 |
Тасашы селолық округі әкімдігі |
||||
7 |
Қарабұлақ селолық округі әкімдігі |
||||
8 |
Жылысай селолық округі әкімдігі |
||||
9 |
Ұзынбұлақ селолық округі әкімдігі |
||||
10 |
Бөлексаз селолық округі әкімдігі |
жасау (5 күндік толық емес жұмыс күні, 2 күн демалыс белгіленуі); |
|||
11 |
Қарқара селолық округі әкімдігі |
||||
12 |
Алғабас селолық округі әкімдігі |
||||
13 |
Шырғанақ селолық округі әкімдігі |
||||
14 |
Ұзақ селолық округі әкімдігі |
||||
15 |
Қарасаз селолық округі әкімдігі |
||||
16 |
Сарыжаз селолық округі әкімдігі |
||||
17 |
Тегістік селолық округі әкімдігі |
||||
18 |
Қақпақ селолық округі әкімдігі |
||||
19 |
Текес селолық округі әкімдігі |
||||
20 |
Шәлкөде селолық округі әкімдігі |
||||
21 |
Қайнар селолық округі әкімдігі |
||||
22 |
Сүмбе селолық округі әкімдігі |
||||
23 |
Жамбыл селолық округі әкімдігі |
||||
24 |
Зейнетақы төлеу орталығы |
1. МЗТО-на зейнетақы қорларымен салыстыру жүргізуге көмек көрсету. |
|||
25 |
Аудандық кітапхана |
1.Кітапхана- |
|||
26 |
Аудандық қорғаныс бөлімі |
1. Кезекті әскер қатарына шақыруға байланысты, азаматтарға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру қағазын тарату, шақырылушылардан жинақталған құжаттарды жинактау папкаларына реттеп тігу жұмыстарына көмектесу; |
|||
27 |
Кеген орман шаруашы- |
1.Көшеттер отырғызуға, оларды күтуге көмектесу; |
Қоғамдық жұмыстар тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдаланбай, жұмыссыздарға әдейі арналған; |
Қазақстан Республи-касының заңында белгілен-ген айлық жалақының ең төменгі мөлшерін-де(15999) |
Жергі-лікті бюджет |
28 |
«Кеген көркейту» коммунал-дық мемлекет-тік кәсіпоры-ны |
1.Елді мекендердің, өндірістік кәсіпорындар-дың аумағын тазалау, ағаштардың қураған сабақтарын кесу, түбін әктеу, қоршауларды түзеу және сырлау жұмыстарын жүргізуде селолық, поселкелік округ әкімдіктері- |
|||
29 |
„Кеген су құбыры“ мемлекет-тік комунал- |
1.Ауыл тұрғындарына суға төлем, ескерту және келісім шарт қағаздарын таратуға көмектесу. |
|||
30 |
Үкіметтік емес ұйымдар «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы |
Халықтың арасында сауалнама жұмыстарын жүргізу, саяси науқандар, семинарлар, жиналыстар өткізу кезіндегі ұйымдастыру жұмыстарына көмектесу. |
|||
31 32 33 34 |
Аудандық мұрағат „Райымбек аудандық жер када- Райымбек аудандық Әділет басқарма-сы ҚР ӘМТҚК Алматы облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық»РМК |
1.Мекемелер- |