Райымбек ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 61-301 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 16 қаңтарда N 2-15-111 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 қарашадағы N 8-51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2012.11.05 N 8-51 Шешімімен.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4–тармағына және Райымбек ауданы әкімінің 2011 жылғы 08 желтоқсандағы N 01-15/1377 ұсынысына сәйкес Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Райымбек ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жергілікті өзін-өзі басқару, экономикалық реформа, әлеуметтік даму, бюджет, өнеркәсіп, құрылыс, байланыс, коммуникация, энергетика, отын ресурстары және ауыл шаруашылығы, жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына" жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       С. Кенетаева

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ұ. Әбек

      КЕЛІСІЛДІ:

      Райымбек ауданының "Экономика,
      бюджеттік жоспарлау және
      кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Мұса Кенжебаев
      20 желтоқсан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады