Райымбек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 қарашадағы N 8-51 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 23 қарашада N 2199 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 тамыздағы № 71-344 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 03.08.2020 № 71-344 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4–тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына сәйкес Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Райымбек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік және экономикалық даму, бюджет, халыққа сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Райымбек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Райымбек ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 61-301 шешімінің (2012 жылғы 16 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2-15-14 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 3 ақпандағы N 6 "Хан тәңірі" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат


сессиясының төрағасы

С. Саниязов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Е. Құдабаев

КЕЛІСІЛДІ:


Райымбек ауданының "Экономика


және бюджеттік жоспарлау


бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Мұса Кенжебаев


      05 қараша 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады