Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 20.12.2011 № 4-55-344 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53–бабының 2–тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне 2011 жылғы бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы ақшалай өтемақы төленсін.
2. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жақыбай Азат Жапарұлы) біржолғы ақшалай өтемақының төленуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешiм мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы К. Илахунов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Т. Оспанов