Сарқан ауданы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің материалдық, тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөнінде қосымша шаралар туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 наурыздағы N 86 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 14 наурызда N 2-17-99 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге берілетін жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Сарқан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы "Сарқан ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті тіралы" N 41-239 шешімінің 1-24 қосымшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарқан ауданы бойынша 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 2011 жылдан бастап тұрғын үй-коммуналдық қызметтер ақысын өтеуге төменгі жеңілдіктер берілсін:
      - ай сайын 50 киловатт электр қуатының құны;
      - айына бір газ балонның құны (10 килограмм);
      - су жүйесінің 1 адамға есептеген тарифі бойынша, жылу жүйесі жоқ үйде тұратын соғыс ардагеріне 1 тонна көмірдің құны.
      2. Келтірілген қосымшаға сәйкес Сарқан ауданы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төленетін өтемақысының қаражатына тапсырысы белгіленсін.
      3. Аудан әкімінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 375 қаулысының күші жойылсын.
      4. Аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері Темірбаев Ж.А. осы қаулыны аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін
      5. "Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Терюбаев О.Ш.) аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ә. Жақанбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарқан ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Тертюбаев Оралбек Шабденұлы
      05 наурыз 2011 жыл

Аудан әкімдігінің 2011 жылғы
05 наурыздағы N 86 қаулысына
қосымша

      Сарқан ауданы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтерге төленетін өтемақының қаражатына тапсырыс;
      - электр қуаты 50 киловатт ай сайын (электр қуатын беру кәсіпорнының тарифіне сәйкес);
      - газ – 1 шағын баллон ай сайын (газ беру кәсіпорнының тарифіне сәйкес);
      - су (ауыз сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның нормасы мен тарифіне сәйкес);
      - көмір 1 тонна жылына бір рет (жыл сайынғы көмір тасымалдаушылар қойған бағаға сәйкес).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады