РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Талғар қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Талғар қаласы әкімінің 2011 жылғы 04 мамырдағы N 515 хатының және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңесінің 2011 жылғы 25 ақпандағы N 1 келісімі негізінде Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талғар қаласындағы "Исатай Тайманұлы" көшесіне қарама-қарсы атаусыз көшеге "Бірлік" атауы берілсін.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуына бақылау жасау Талғар қаласының әкімі Қожахметов Адайбек Уәлиұлына жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы М. Боранбаева
Аудандық мәслихат
хатшысының міндетін
уақытша атқарушы Қ. Махатов
Аудан әкімі Т. Өмірәлиев