Ұйғыр ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2011 жылғы 24 тамыздағы N 51-1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 22 қыркүйекте N 2-19-120 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 тамыздағы N 8-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2012.08.06 N 8-1 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1997 жылды 16 сәуіріндегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсететіні үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұйғыр ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға /азаматтарға/ тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясының төрағасы Камилжан Абдурашитович Юлдашевқа және аудан әкімінің орынбасары Даулетжан Модинович Деменбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А. Сейитов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Нуров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұйғыр ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Турдыбакиев Турсун
      24 тамыз 2011 жыл

Ұйғыр аудандық мәслихатының
2011 жылғы 24 тамыздағы
"Ұйғыр ауданындағы аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
туралы" N 51-1 шешіміне қосымша

Ұйғыр ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызыметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір маселелері туралы" N 512 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулыларына сәйкес әзірленді және Ұйғыр ауданда қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

Жалпы ереже

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі-отбасының бір айда коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейінің отбасының жиынтық табысына пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы- тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының табыс түрлерінің сомасы (еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс, алимент түріндегі табыс, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс, өзге де табыс, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс);
      өтініш беруші – тұрғындық көмекті тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      уәкілетті орган- тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      учаскелік комиссия - тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (адамдардың) материалдық жағдайын тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (жалға алушылары) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне төлемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004  жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің төлемдеріне нақты ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде анықталады.
      Отбасының бір айда коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасы табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтағы, 16 жасқа дейінгі мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып - күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға, уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, оның отбасына тұрғын үй көмегі қайта қалпына келтіріледі.
      Егер өтініш беруші толық емес немесе шындыққа сай келмейтін мәліметтерін берген жағдайда тұрғын үй көмегін ұсынылған құжаттар қабылданбайды.

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау

      4.Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Тұрғын үй көмегі өтінішті қажетті құжаттарымен бірге тапсырған тоқсаннан тағайындалады және сол тоқсанға төленеді.
      5. Жеке меншігінде біреудің артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш иесі ауылдық, селолық округтің әкіміне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (ағымдағы жылға бір рет немесе өзгерістер болған жағдайда).
      2) пәтерді жалдайтындығын растайтын ауылдық, селолық округі әкімінің анықтамасы (тоқсан сайын).
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (ағымдағы жылға бір рет немесе өзгерістер болған жағдайда).
      4) тұрғын үйдің техникалық төлқұжатының көшірмесі (үй иесі болған жағдайда ғана, жылына бір рет немесе өзгерістер болған жағдайда).
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар (тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының еңбекпен тапқан табысы, зейнетақысы, жәрдемақысы, алименттер, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстары, өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға - әр тоқсан сайын).
      6) коммуналдық және телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе ақы төлеу туралы хабарлама, болмаса түбіртектің көшірмесі (тоқсан сайын, өткен тоқсанның соңғы айы).
      Тұрғын үй көмегін алу тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      7. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімінде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруіне негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән- жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап, тіркеп алған күннен бастап үш күн ішінде қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады және учаскелік комиссия өтініш берушілердің құжаттарын қабылдап, тұрғын үй көмегін берудің қажеттілігі туралы қорытынды актілерді бес күн ішінде әзірлеп ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне ұсынады.
      9. Ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) әкімі өтініш берушінің құжаттарын тұрғындық көмекті төлеу және тағайындау туралы өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен он күн мерзімнен кешіктірмей уәкілетті органға өткізеді.
      10. Уәкілетті орган өтініш берушілерден және әкімдерден қоса тіркелген құжаттарымен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштерді қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      11. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде төмендегілерден басқа барлық отбасы мүшелеріның табыстары есепке алынады:
      1) толық мемлекеттік қамқорлығындағы балалар.
      2) тұрақты интернатта тұратын мүгедектер, қарт азаматтар.
      3) жедел әскери қызметін өтеп жүргендер.
      4) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар.
      Табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған төмендегі барлық табыс түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс.
      2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы.
      3) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс.
      4) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс.
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түскен табысты уәкілетті орган мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға қолданылып жүрген нормативтік карточкалар негізінде есептелінеді.
      6) өзге де табыстар (өз қолымен растап береді).
      12. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
      2) тұрғын үй көмегі.
      3) жерлеуге берілген бір жолғы жәрдемақы.
      4) бала тууына байланысты берілген бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы.
      5) есеп беру кезеңінде жалпы сомасы белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен көрсетілген ақшалай және заттай қайырымдылық көмек (тұрақты бағасы).
      6) өз ісін ашуға немесе қосалқы шаруашылығын дамытуға берілген материалдық көмек.
      Өз ісін ашуға немесе қосалқы шаруашылығын дамытуға берілген материалдық көмек дұрыс мақсатта пайдаланылмағаны анықталған кезден сол тоқсандағы жиынтық табысы көрсетілген көмектің сомасынан есептелінеді.
      7) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген залалдың есесін қайтаруға көрсетілген көмек.
      13. Алатын тұрғын үй көмегін тиісті мақсатқа пайдаланбаса және тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері уақытында төлемесе уақытша тоқтатылады.
      14. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты әр айға бөліп, шыққан табыс мөлшері үш айға көбейтіледі.
      15. Бір айға бір отбасына тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон – 27 литр мөлшерінде.
      2) Электр жүйесін қолдану:
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға-90 киловатт;
      3 адамға -135 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
      4) 1 жылға 4 тонна көмір (әр бір тоқсанға – 1 тоннадан).
      16. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін және нормаларын қызмет берушілер ұсынады. Көмірдің бағасын аудан әкімдігінің "Экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгілейді.
      17. Тұрғын үй көмегінің төлемі "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырады.

Қорытынды

      18. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады