2
|
2 бағалау аймағы 1 бағалау аймағының солтүстік және батыс жағында орналасқан.
2 бағалау аймағының бастапқы нүктесіне Балуан Шолақ көшесі мен теміржол бекеті алаңының қиылысындағы нүкте қабылданған; бұдан ары шекара оңтүстік-батыс бағытымен Балуан Шолақ көшесі бойынша Алматы-Шымкент теміржолын бойлай, Саңырақ батыр көшесінің қиылысына дейін барады; солтүстік-батыс бағытымен Саңырақ батыр көшесі бойымен Тәуке хан даңғылының қиылысуына дейін; Тәуке хан даңғылы бойынша батыс бағытта қала зиратының шекарасына дейін, бұдан ары қала зиратының батыс беті арқылы солтүстікке қарай өндірістік бағалау аймағына дейін. Ары қарай Төле би даңғылының оңтүстіккте орналасқан өндірістік және тұрғын нысандармен жыралар бойымен Исатай көшесіне дейін. Исатай көшесімен солтүстік бағытта Ниетқалиев көшесінің қиылысына дейін, ары шығысқа қарай солтүстік бағытта өндіріс аймақтарының шекарасымен солтүстік-шығыс бағытта суперфосфат зауытының шығыстағы шекарасымен Сүлейменов көшесіне дейін, одан ары Сүлейменов, Саматна Смит, Крупская көшелерімен (Тараз қаласын кеңейту учаскесі 1-362,0 гектар); «Бұрыл» тұрғын үй алқабын айналып, Қапал каналы, Ушаков көшесі бойымен (3 бағалау аймағы) және Қаратау темір жолының бойында орналасқан Жылысбаев көшесімен Сыпатай батыр көшесінің қиылысына дейін. Бұдан ары Сыпатай батыр көшесі бойымен Жамбыл даңғылының қиылысуына дейін.
2 бағалау аймағына 1-12 мөлтек аудандар аралығы және «Жасыл кілем» алқабы кіреді.
|
3
|
3 бағалау аймағы 1 бағалау аймағының шығысы мен оңтүстігіне жақын және 2 бағалау аймағының оңтүстік және батысында орналасқан.
3 бағалау аймағына қаланың солтүстік-шығыс, шығыс, оңтүстік, батыс жағы және «Бұрыл» алқабының солтүстік жағы және Бұрыл көшесінің соңында орналасқан өнеркәсіп нысандары кіреді. Шекарасы Қаратау темір жолы бойында орналасқан Жылысбаев, Сеңкібай көшелерінен «Бұрыл» темір жол бекетіне дейін, ары қарай
Сыпатай батыр көшесімен және Балуан Шолақ көшесінің бойыменен
оңтүстік-батысқа қарай Алматы-Шымкент теміржолымен Саңырақ батыр көшесінің қиылысына дейін. Ары қарай Саңырақ батыр көшесінің бойымен Тәуке хан даңғылының қиылысына дейін және Тәуке хан даңғылының бойымен батыс бағытта әйнекті гүл-жай мен «Дорожник» алқабын қамтий отырып, Әуежай шекарасының батыс беті арқылы және Әуежай шекарасын, «Бәйтерек» мөлтек ауданын, «Арай» алқабын айналып өтіп «Қызыл абад» алқабындағы асфальтты жолға дейін шығыс бағытта, асфальтты жолдың бойымен оңтүстік және шығыс бағытта гидро аудандық электр бекетінің теміржол бойымен және қаланың оңтүстік шекарасымен Талас көшесімен Талас өзені, «Тектұрмас» алқабы арқылы өтіп, «Ақбұлым» алқабының шығыс бетіне дейін және Тараз-Алматы темір жолы бағытымен «Қант зауыты» алқабының шығыс бетіне дейін, Тараз-Алматы трассасымен батыс бағытта «Қарасай» алқабының шығыс бөлігіне дейін және «Қарасай» алқабы бойымен солтүстік бағытта Шымкент-Алматы айналма жолымен Талас өзеніне дейін. Оңтүстік бағытта Талас өзенінің батыс жақ жағалауымен «Проектировщик», «Рассвет», «Жігер» тұрғын алқабтарының шығыс беті шекарасымен және қаланың батыс бөлігінде орналасқан өнеркәсіп аймағымен автобекетті қоса және тұнба жазықтығын солтүстік-шығыстағы шекарасымен айналып Шымкент-Алматы айналма жолына дейін батыс жаққа қарай Қызыл Жұлдыз ауылы бөлімшесінің шекарасы арқылы Қаратау темір жолына дейін. Ары қарай Қаратау теміржолының бойында орналасқан «Ақбидай» элеваторының теміржолы бойымен және элеватор аймағын айналып өтіп Қаратау теміржолының бойында орналасқан «Бұрыл» алқабына кіреді.
Бұл бағалау аймағына «Бәйтерек» 13-шағын ауданы, «Бұрыл», «Дорожник», «Арай», «Көктем», «Барысхан» тұрғын алқаптар, «Қарасай», «Қант зауыты» кенттері, «Әуежай» кіреді. Алматы- Ташкент
трассасында орналасқан нысандар және қаланың оңтүстік бетінде орналасқан тұрғын алқаптар, сонымен қатар, «Тектұрмас» алқабы, «Ақбұлым», Қаратау, Тараз-Алматы темір жолдары кіреді.
|
4
|
4 бағалау аймағына Тараз қаласының аумағын кеңейтуге арналған 5954,0 гектар болатын № 1-6 жер учаскелері сонымен қатар, «Солнечный», «Шалғай Қарасу» алқаптары, Талас өзінінің бойындағы тұрғын аймақтар және аудандық гидро электр бекеті кіреді.
№ 1 жер учаскесінің бейнеленуінің бастапқы нүктесі ретінде Талас-Аса каналымен Қаратау қаласы бағытындағы темір жол қиылысы алынған. Одан ары шекара шығыс бағытымен Талас-Аса каналының бойымен Түйте каналының қилысына дейін барып, оңтүстік шығысқа бұрылып Түйте каналы бойымен 3 және 2 бағалау аймағына дейін барады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы шекарасы Чернышов, Крупская, Саманта Смит және Сүлейменов көшелері арқылы өтіп 5 бағалау аймағына дейін (өндіріс аймағы).
№ 2 жер учаскесінің бейнелеуіне бастапқы нүктесі ретінде тұндырғының батыс жақ шекарасы алынған. Одан ары тұндырғыны жағалай оңтүстік бағытта айналмалы жолға дейін, айналмалы жолдан батыс бағытқа бұрылып арықтың қилысына дейін барады, одан ары арық бойымен оңтүстік бағытта Қызыл Жұлдыз ауылының бөлімшесін айналып өтіп темір жол қилысына дейін барады. Оңтүстік-батыс бағытта Элеватордың темір жолының бойымен жүріп, элеватор шекарасымен солтүстік-батыс бағытқа бұрылады.
№ 3 жер учаскесінің бейнелеуінің бастапқы нүктесі Сарыкемер ауылына баратын автожолмен науалы каналдың қиылысқан жері алынған. Ары қарай шекара «Нурбаев» өндірістік кооперативі, Қостобе ауылын айналып өтіп, содан оңтүстік-шығысқа бұрылып, солтүстік бағытта тұнбаға қарай, ары қарай оңтүстік бағытта өндіріс аймағын және «Проектировщик», «Рассвет» және «Жігер» алқаптарының шығыс жағынан өтіп Қызыл Жұлдыз ауылының шекарасынан онтүстік-батыс бағытында автомобиль жолы жанындағы ұжымдық бау баққа дейін және одан кейін солтүстік бағытта қаланың бастапқы шекарасына дейін.
№ 4 жер учаскесінің бейнелеуінің бастапқы нүктесі ретінде айналмалы жолмен арықтың қилысқан жері алынған. Шекара айналмалы жол бойымен шығыс бағытта жүреді, содан соң коллектор бойымен оңтүстік батысқа бұрылып, одан кейін Алматы-Ташкент автомобиль жолының бойымен оңтүстік батыс бағытта жүреді, ары қарай солтүстік-шығыс бағытта «Қарасай» кентінің шекарасымен өтеді.
№ 5 жер учаскесінің бейнелеуінің бастапқы нүктесі ретінде Талас көшесі мен Тектұрмас көшесінің қиылысынан оңтүстік-шығыс бағытта Тектұрмас көшесімен Талас өзенінің арнасында орналасқан тұрғын үйлердің оңтістік шекараларын «Солнечный» алқабын және аудандық гидро электр бекетін қамтий отырып, аудандық гидро электр бекетінің оңтүстік-шығыстағы шекарасымен солтүстік-батыс бағытта Тектүрмас арқылы «Ақбұлым» алқабына дейін, ары қарай «Ақбұлым» алқабынан оңтүстік бағытта Тектұрмас арқылы Талас өзеніне дейін, солтүстік–батыс бағытта Талас өзенінің жоғарғы жағынан Тектұрмас арқылы бастапқы нүктеге дейін.
№ 6 жер учаскесін Тараз қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі ретінде аудандық гидро электр стансасына баратын темір жол мен Жолшы Сыздықов көшесінің соңғы қиылысы алынған. Аудандық гидро электр бекетіне баратын темір жолмен солтүстік-батыс бағытта «Шалғай Қарасу» алқабын қамтий отырып Қызыл абад асфальтты жолымен батыс жаққа «Арай» алқабымен қиылысына дейін, ары қарай солтүстік-батыс багытта «Арай» алқабының боймен және «Бәйтерек» мөлтек ауданының оңтүстік шекарасымен Аэропорттың ішкі шекарасын айналып өтіп саяжай алқаптарымен қиылысына дейін, одан саяжай алқаптарының солтүстік шекарасымен батыс бағытта, «Құмшағал», «Казарма», Шөлдала алқабтарының Алматы-Шымкент темір жолымен қиылысына дейін, № 6 учаскесінің ең батыс және оңтүстік нүктесі болып табылады. Ары қарай, темір жол бойымен шығыс бағытта темір жолдың қалаға қосылған нүктесіне дейін. Осы нүктеден бастап шығыс бағытта «Көлтоған» алқабының сыртқы шекарасына дейін және «Жиделі», «Қарой» алқабтарының сыртқы шекарасын айналып өтіп және Шалғай Қарасу алқабының оңтүстік шекарасымен темір жолға дейін.
|
5
|
5 бағалау аймағы Тараз қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бастапқы нүкте ретінде Сулейменов көшесінің соңындағы Тараз-Аса асфальтты жолы алынған және жолдың солтүстік-батыс бағытымен «Химпром» акционерлік қоғамының тұндырмасын айлып өтіп «Химпром» акционерлік қоғамының шекарасымен батыс бағытта және «Химпром» акционерлік қоғамы бау-бақшасының сыртқы шекарасы арқылы өтіп оңтүстік-шығысқа қарай санитарлық қорғаныс зонасының сыртқы шекарасының бойымен «Химпром» акционерлік қоғамының асфальтты жолының бойымен Төле би көшесіне дейін, өндірістік нысаналар мен тұрғын үйлердің оңтүстігіндегі шекарасынан өтіп, жыраулар арқылы Исатай көшесіне дейін. Ары қарай, Исатай көшісімен солтүстік-шығыс бағытымен Ниетқалиев көшесіне дейін. Ары қарай, Ниетқалиев көшесімен шығыс бағытта көшенің азғана кесіндісін өтіп солтүстік-батыс бағытта өндірістік кәсіпорындарды айнала өтіп Сүлейменов көшесінің соңына дейін (бастапқы нүкте).
5 бағалау аумаққа қаланың батыс жағында орналасқан барлық өндірістік кәсіпорындар кіреді.
|