Тараз қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекараларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 қазандағы N 11-7 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 23 қарашада N 1627 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-6 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2011.03.15  № 32-6 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Облыс орталығы - Тараз қаласында жеке меншікке берілетін жер учаскелерінің бағасын анықтау үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері (N 1 қосымша) және бір шаршы метр жер құнының негізгі бағасына қойылатын аймақтар шекаралары (N 2 қосымша) бекітілсін.

      2. Екінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 22 маусымдағы N 9-8 "Тараз қаласының жерлерін аймаққа бөлу схемасы туралы" шешімінің (2001 жылдың 16 шілдеде тіркеу нөмірі 380) күші жойылды деп саналсын.

      Облыстық мәслихат                       Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                    хатшысы
      Қ.М. ДЕМЕШЕВ                            Ә. ӘСІЛБЕКОВ

              "Келісілді"
      Жамбыл облыстық аумақтық жер
      ресурстары басқару басқармасының бастығы
      ....................... А.К. Ремша
      ....................... 2005 ж.

              "Келісілді"
      Жамбыл облыстық әкімиятының
      жер қатынастар басқармасының бастығы
      ....................... М.Б. Пралиев
      ....................... 2005 ж.

              "Келісілді"
      Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған
      ортаны қорғау басқармасының бастығы
      ....................... И.Ж. Әлиев
      ....................... 2005 ж.

              "Келісілді"
      Тараз қаласы әкімдігінің қала құрылысы
      және құрылыс бөлімінің меңгерушісі
      ....................... И.Т. Бекежанов
      ....................... 2005 ж.

Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың
2005 жылғы "28" қазандағы "Тараз қаласының
жер учаскелері үшін төлемақының базалық
ставкаларына түзету коэффициенттері мен
аймақтардың  шекараларын бекіту туралы"
N 11-7 шешіміне N 1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - Жамбыл облыстық  мәслихатының 2008.12.18 N 10-7 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

Тараз қаласының аумағын аймақтау түзету коэффициенттерін белгілеу бойынша
КЕСТЕСІ

N т/н

Аймақтың нөмірі

Түзету коэффициенттері

2 құны (теңгеде)

І

       2.0

2080

2

II

1.5

1560

3

III

1

1040

4

IV

0.5

520

Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың
2005 жылғы "28" қазандағы "Тараз қаласының жер
учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына
түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекараларын
бекіту туралы" N 11-7 шешіміне N 2 қосымша

Бақылау аймақтарының шекараларының сипаттамасы

1-ші бағалау аймағы

      Бірінші бағалау аймағының сипаттауының бастауыш нүктесі ретінде Байзақ батыр 3-ші бұрылысы және Байзақ батыр көшесінің қиылысы қабылданды.
      Басты нүктеден шекара өтетіні:
      оңтүстік-батыс бағытта Байзақ батыр көшесі бойынша Камратов көшесімен қиылысқанға дейін;
      солтүстік-батыс бағытта Камратов көшесі бойынша Смоленская көшесімен қиылысқанға дейін;
      Смоленская көшесі бойынша Қалауыр әкім көшесіне дейін;
      Қалауыр әкім көшесі бойынша "Талас" мөлтек ауданының шығыс және солтүстік шекаралары бойынша Қарасу каналының сол жағындағы жағалауы арасымен Жансүгіров көшесіне дейін;
      оңтүстік-батыс бағытта Жансүгіров көшесі бойынша Королев көшесімен қиылысқанға дейін;
      солтүстік-шығыс және солтүстік бағытта Королев көшесі бойынша Төле би даңғылына дейін;
      оңтүстік бағытта Төле би даңғылы бойынша Ұлбике ақын көшесіне дейін, Ұлбике ақын көшесі бойынша солтүстік бағытта Қосы батыр көшесімен қиылысқанға дейін;
      солтүстік бағытта Қосы батыр көшесі бойынша А.Асқаров көшесімен қиылысқанға дейін;
      оңтүстік-шығыс бағытта А.Асқаров көшесі бойынша Жамбыл даңғылы қиылысына дейін;
      шығыс бағытта Жамбыл даңғылы бойынша Сенкібай каналына дейін;
      оңтүстік бағытта Сенкібай каналының сол жақты жағалауы бойынша Байзақ батыр 3-ші бұрылысына дейін;
      оңтүстік-батыс бағытта Байзақ батыр 3-ші бұрылысы бойынша Байзақ батыр көшесімен қиылысына дейін (бастапқы нүкте).

2-ші бағалау аймағы

      2-ші бағалау аймағының бастапқы нүктесі темір жолдың және қала шекарасының қиылысы қабылданды.
      Бастапқы нүктеден шекара өтетіні:
      "Көктем" тұрғын массивінің тұрғын құрылысының және коллектор бойынан өтіп, Тәуке хан көшесімен қиылысуына дейін;
      солтүстік-шығыс бағытта Тәуке хан көшесі бойынша "Айналым" арқылы Исатай көшесімен қиылысқанға дейін;
      солтүстік-шығыс бағытында Исатай көшесі бойынша Ниетқалиев көшесімен қиылысқанына дейін, одан кейін оңтүстік-шығыс бағытта үлкен емес ұзындықта Ниетқалиев көшесі бойынша, қаланың солтүстік-батыс өнеркәсіп зонасының солтүстік-шығыс шекарасы бойынан өтетін қаланың бұрынғы шекарасымен қиылысқанша Сүлейменов көшесімен қиылысуына дейін;
      қаланың солтүстік шекарасы Совхозный 1-ші бұрылысына дейін, "Бұрыл" тұрғын массивінің оңтүстік шекарасы бойынша (коллектордың оң жағы);
      Барбол көшесінің солтүстік бағытында ("Бұрыл" тұрғын массивінің шығыс шекарасы) Қапал каналына дейін;
      солтүстік-шығыс бағытта темір жолдың оң жақ бетімен Бурульская көшесімен қиылысуына дейін, Бурульская көшесінен Сыпатай батыр көшесіне дейін;
      оңтүстік бағытта Жамбыл даңғылына қиылысуына дейін, шығыс бағытта одан Жамбыл даңғылы бойымен Тараз қаласының шығыс шекарасына дейін;
      Тараз қаласының шекарасы бойынша Талас өзенінің сол жақты жағалауына дейін;
      Талас өзенінің сол жақты жағалауы бойынша Баққа дейін, Бақтан Балуан Шолақ көшесіне дейін;
      оңтүстік-батыс бағытта темір жолдың бойымен бастапқы нүктеге дейін.

3-ші бағалау аймағы

      3-ші бағалау аймағы 3 учаскеге орналасып отыр.
      3-ші аймақтың 1-ші учаскесі қаланың оңтүстік-батысында орналасқан - Әуе жай аумағы, "Арай", "Көктем" массивтері:
      оңтүстік-шығыс бағытында гараж кооперативтеріне қарасты, канал бойынша және Саңырық батыр көшесі бойынша темір жолға дейін;
      оңтүстік-батыс бағытта темір жол табаны бойынша коллектормен қиылысына дейін;
      темір жол және дренаждық коллектордың қиылысу нүктесінен солтүстік-батыс бағытында коллектордың оң жағы бойынша өнеркәсіп аймағына ("Суперфосфат зауыты" аумағы және басқа да өнеркәсіп объектілері) дейін.
      3- аймақтың 2-ші учаскесі қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан - "Бурыл" тұрғын массиві аумағы, "Ақ Бидай" АҚ, "Сұйытылған газ" АҚ:
      учаскенің оңтүстік шекарасы Барбол көшесі бойынша (сол жақ);
      Барбол көшесі бойынша темір жолға дейін, одан темір жолдың оңтүстік жағы бойынша Капал каналына дейін;
      солтүстік-шығыс Сыпатай батыр көшесі бағытта Жамбыл даңғылына дейін, одан Жамбыл даңғылы бойынша қаланың шекарасына дейін.
      3-ші аймақтың 3-ші учаскесі қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Сахпаселок аумағы, "Тектұрмас" массиві, "Солнечный" поселкесі, ГРЭС-і және "Дальняя Қарасу" массивімен қаланың оңтүстік шекарасы.  

4-ші бағалау аймағы

       4-ші бағалау аймағы Алматы-Ташкент айналым жолының оңтүстік-батыс жағы бойынша Тараз қаласының шекарасына дейін ("Химпром" АҚ аумағы және басқа да өнеркәсіп объектілері) орналасқан.

      Ескерту: Бағалау аймағының шекаралары болып автокөлік жолдары табылған жағдайларда, онда бағалау аймағының аумағына көшелердің тақ және жұп жақтары алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады