РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі және Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының ұсыныстарын қарай келе және тиісті аумақтың тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Ленин ауылдық округі Ақбұлақ ауылдық округі деп атауы өзгертілсін.
2.
Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы С.Сейдазимов |
Облыстық мәслихат |