Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 45-5 Шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 қаңтарда 6-1-141 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5-6 шешімімен

      Күші жойылды - Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5-6 шешімімен

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-106 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 маусымда № 25 «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Қалалық мәслихаттың                        Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
      Г. Нұрымова                                Ө. Байшығашев

Тараз қалалық мәслихатының
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 45-5 шешiмiмен бекiтiлген

Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi 1.Жалпы ережелер

      1. Осы Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Ережелерде келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;
      қызмет көрсетуші - коммуналдық қызметтерді көрсетумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға;
      өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тұлға;
      уәкiлеттi орган – «Тараз қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
      3. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
      Тараз қаласында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді ( тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сай, бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін жұмсалатын коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлеміне, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 5 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      5. Ресми расталмаған табыс отбасының жұмысқа жарамды әрбiр мүшесіне (азаматқа) ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.
      6. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.
      Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады.
      7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Мүгедектердi, магистратураны қоса алғандағы күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы  № 2314 Қаулысымен бекiтілген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережелерiнде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      9. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.
      Жеке тұтыну есептеуіш бойынша пайдаланған коммуналдық қызметтердің нақты сомасы қызметтің сол түрі бойынша бекітілген нормадан аспауы қажет.
      10. Отбасының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шектi ұйғарынды шығындардың үлесi өзгерген кезде уәкiлеттi орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiн қайта санауды жүргiзедi.
      11. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
      12. Тұрғын үй көмегiнің заңсыз алынған сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
      13. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екi және одан да көп адамды отбасына – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр қуатын тұтыну нормалары (айына):
      бiрден үш адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 80 киловатт;
      төрт және одан да көп мүшелi отбасына – 300 киловатт;
      3) газ шығындарының нормасы (айына):
      газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болған жағдайда айына бір адамға – 18 текше метр;
      газ пешінің болған, орталық жылу беру және ыстық су болмаған жағдайда бір адамға – 22 текше метр.
      Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламалы.

3.Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбі

      14. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы, алушылардың өтiнiштерi бойынша тиiстi қызмет көрсетушiлердiң есеп шотына, ал телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысын абоненттердiң жеке есеп шотына аударылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

      15. Осы ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады