Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 47-11 Шешімі. Байзақ аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 қаңтарда № 6-2-135 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 26-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 16.03.2018 № 26-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 47-11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-2-135 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 қаңтарында аудандық № 11 "Ауыл жаңалығы-Сельская новь газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздері тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының "Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      хатшысы Н. Үкібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады