РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 47-11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-2-135 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 қаңтардағы "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінде жарияланған);
2) "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 47-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 тамыздағы № 41-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2753 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының "Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Р. Сапарбеков |
Аудандықмәслихат хатшысы | Н. Тлепов |