Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 47-5 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 қаңтарда № 6-3-134 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 шілдедегі № 28-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 28-5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Мазмұны және барлық мәтін бойынша: "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздер "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылды – Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 18.08.2015 № 44-10 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабы 2 тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қызметін Жамбыл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың Аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Жамбыл аудандық мәслихат Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
      К. Елубаев Ә. Мәнтеев

  Жамбыл аудандық мәслихатының
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 47-5 шешіміне қосымша

Қызметін Жамбыл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Салық салу объектісінің атауы

Айына бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады