РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Садыбеков Ғалымжан Үшкемпірұлы |
- |
«Жамбыл облысы Жуалы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); |
Әділбақов Айбар Күнтуұлы |
- |
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; |
Комиссия мүшелері: |
||
Ордабаев Есім Жанысбекұлы |
- |
«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісімі бойынша); |
Мамедов Жамшид Абас-оглы |
- |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дәрігер-хирургі, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісімі бойынша); |
Байжиенова Жібек Қудайбергенқызы |
- |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша). |
3. «Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланғанан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Әділбақовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Қарашолақов
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің
Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Құсқанбаев
18.04.2011 жылғы
Жамбыл облысы Жуалы ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ғ.Садыбеков
18.04.2011 жылғы
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Жуалы аудандық
орталық ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
бас дәрігері
С.Жұмашев
18.04.2011 жылғы