2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 08 сәуірдегі N 133 Қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 сәуірде 6-5-123 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты)

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Джанабердиев Бауржан Советұлы

-

«Жамбыл облысы Қордай ауданының Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);

Шынгожаева Алина Александровна

-

«Қордай ауданының Әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлық және мемлекеттік - құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Шынғожа Қуат Төребекұлы

-

«Жамбыл облысы ішкі істер

2

департаментінің Қордай аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);

Озиев Джапар Уршанович

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының хирургия бөлімінің меңгерушісі, дәрігерлік комиссияның мүшесі (келісімі бойынша);

Илимбаева Гульнара Тастибайқызы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы(келісімі бойынша).

      3. «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Қордай аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланғанан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Үйсімбаевқа жүктелсін.
      
      Қордай ауданы әкімінің
      міндетін атқарушысы                      Е.Үйсімбаев

«КЕЛІСІЛДІ»:

Жамбыл облысы Қордай ауданының
Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.С.Джанабердиев
2011 жылғы 8 сәуір

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Қордай аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М.У.Қырғызбаев
2011 жылғы 8 сәуір

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық
ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері
Э.Ф.Заманов
2011 жылғы 8 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады