Ескерту.Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 мамырдағы № 6-4 шешімімен
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қордай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерi бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрайымы мәслихат хатшысы
Г.Айтқұлова Т.Сүгірбай
Қордай аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 28 шілдедегі
№ 39 - 7 шешiмiмен бекітілген
Қордай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерi
1.Жалпы ережелер
1. Осы Қордай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерi (әрі қарай - Ережелер) «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленген және Қордай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін белгiлейді.
2. Ережелер меншiк түрiне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.
2.Иттердi және мысықтарды ұстау тәртiбі
3. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.
4. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар аудан аумағынан тысқары шығару, кiргiзу олардың «құтыруға қарсы егiлген» белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.
5. Мыналарға жол берiлмейдi:
1) тiркелмеген (есепке алынбаған) және ветеринарлық егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
2) иттер мен мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында, балалар ойнайтын, көпшілік шаралар өткізілетін алаңдарда серуендетуге;
3) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;
4) мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттердi серуендетуге;
5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;
6) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
7) иттер мен мысықтарды оның терiсiн пайдалануға, етiн тұтынуға, өңдеу және сату үшiн оларды ұстауға немесе аулауға;
8) аудан аумағында иттердi таластыру және басқа да жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi көздейтiн жағдайларды қоспағанда);
9) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланатын орындарына, дүкендердің сауда жасау алаңдарына және жатақханаларға әкелуге және ұстауға.
6. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер және мысықтар тез арада оқшауланып, бақылау жасау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.
7. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
8. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Ереженiң талаптарын орындаған жағдайда мыналарға рұқсат берiледi:
1) көп пәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасы пәтерiнде iрi немесе орта тұқымды екi иттi және екi мысықты үш айға дейiнгi ұрпақтарын қоса ұстауға (жасы үш айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне немесе қаңғыбас жануарларды аулау және ұстаумен шұғылданатын арнайы мекемеге беруiлуi тиiс, ол жануарлардың ветеринариялық төлқұжатымен қоса жүзеге асырылады.);
2) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтер), тек өзiнiң жанұясы тұратын тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi (ұшыну) болмаса екi ит пен мысықты тек өзi тұратын тұрғын жайда ұстауға;
3) иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз бос ұстау: елді мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларында.
9. Осы Ереженi сақтау үшiн уәкілетті органдарға жәрдемдесу мақсатында пәтер иелері кооперативтеріне, тұрғын үй кооперативтеріне, жеке жайлар иелері кооперативтеріне, кондоминиумдарға:
1) жертөлелердің, шатырлар астын және басқа да қосалқы үй-жайларға кiреберiстердi иттер мен мысықтардың кiрiп кетуiне жол бермейтiндей жабық күйiнде ұстау;
2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзiнiң аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау;
3) өз қарамағындағы үйлерде пәтер иелерi ұстайтын жануарлардың саны туралы мәлiметтердi жинау және оларды тiркеудi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi органдарға (тiркеу органдарына) беру ұсынылады.
3.Иттер мен мысықтарды аулау
10. Қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер (осы Ережелердегі 8-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерден басқасы) мен мысықтар (көшелерде, үй аулаларында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), кәсiпорындар мен мекемелерде иесi байлап кеткен жануарлардан басқасы, қаңғыбас деп есептеледi және өлген жануарлардың өлiктерiн жинайтын және қаңғыбас жануарларды аулайтын арнайы мекеменiң аулауына жатады.
Ауланған қаңғыбас жүрген иттер мен мысықтар жаңа иесiне берiледi немесе дәрi қолдану жолымен жансыздандырылып (ұйықтатылады) мал көмінділерінде залалсыздандырылады.
4.Қорытынды ережелер
11. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.