2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы N 93 Қаулысы. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 сәуірде 6-6-94 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Нурдинов Көпбосын Кенесбекұлы

-

«Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);

Есенов Сәкен Борібайұлы

-

«Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Жайлаубеков Мұхтар Болатұлы

-

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Меркі аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);

Ордабаев Берік Ембергенұлы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дәрігері, дәрігерілік комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);

Шоншабаева Айгуль Телісбеккызы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы(келісімі бойынша).

      3. «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Меркі аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланғанан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рысқұлбековке жүктелсін.

      Меркі ауданының Әкімі                     С.Жұмағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»:
Жамбыл облысы Меркі ауданының
Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.К.Нурдинов
01 сәуір 2011 ж.

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Меркі аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.К.Жүсіпов
01 сәуір 2011 ж.

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық
ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері
М.С.Жұманқұлов
01 сәуір 2011 ж.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады