РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңнын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды каржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Ш. Әбілқасымов) аудандық мекемелердің басшылары және ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
4. «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (А.Қасабеков) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақтылы қаржыландыру және қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Б. Рысқұлбековке жүктелсін.
6. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Жұмағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
Жамбыл облыстық филиалының Меркі аудандық бөлімшісінің бастығы
Е.Ахтамбердиев
29 желтоқсан 2011 ж.
«Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.К.Нурдинов
29 желтоқсан 2011 ж.
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Жамбыл облысының Әділет департаменті Меркі
ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ж.К.Сатылғанов
29 желтоқсан 2011 ж.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық
Комитетінің Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің
Меркі ауданы бойынша салық басқармасы»мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ш.Б.Бегасылов
29 желтоқсан 2011 ж.
«Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің
Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы»
А.К.Жүсіпов
29 желтоқсан 2011 ж.
Меркі ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 585
қаулысына № 1 қосымша
2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Меркі ауданы аумағындағы мекемелердің тізбесі
1. «Меркі ауданы Меркі ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі;
2. «Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі;
4. «Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
5. «Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
6. «Меркі ауданы Акарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
7. «Меркі ауданы Актоган ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8 «Меркі ауданы Аспара ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі;
9.«Меркі ауданы Акермен ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі;
10. «Меркі ауданы Рыскұлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
11. «Меркі ауданы Жанатоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12. «Меркі ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. « Меркі ауданы Сұрат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. «Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі әкімінің аппараты »мемлекеттік мекемесі;
15. «Меркі ауданы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16 «Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
17.«Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18 «Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекетті мекемесі;
19.«Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
20.«Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21.«Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
22.«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті Меркі ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
23.«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Меркі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
24.«Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің Меркі ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
25.«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК Жамбыл облыстық филиалының Меркі аудандық бөлімшесі;
26.Меркі ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27.«Жамбыл облыстық ішкі істер Департаментінің Меркі аудандық ішкі істер бөлімі»мемлекеттік мекемесі.
Меркі ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 585
қаулысына № 2 қосымша
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№ |
Жұмыс түрлері |
Нақты жұмыс жағдайлары |
Көлемі |
Қаржы көздері, ақының мөлшері |
Сұраныс |
Ұсыныс |
1 |
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары) |
1. Арық тазалау |
Қажеттілігіне |
26158,00 |
160 |
160 |
2 |
Аудандық және аумақтық науқандар өткізу шараларына қатысу |
1.Сауалнама жүргізу 2.Санақ жұмыстарына қатысу 3.Әскерге шақыру комиссиясы-на көмек көрсету |
Қажеттілігіне |
26158,00 |
40 |
40 |
Барлығы |
200 |
200 |