РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудандағы ұйымдардың тiзбелерi 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қоғамдық ақылы жұмысқа қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінде белгіленсін және оларды каржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Есеевке жүктелсін.
5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм ауданының әкімі Б.Рысмендиев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Жамбыл облысының Әділет департаменті
Мойынқұм ауданының Әділет басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ә.Байтереков
17.03.2011 жыл
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ғ.Даминов
17.03.2011 жыл
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 17 наурыздағы
№ 81 Қаулысына 1-қосымша
2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудандағы ұйымдардың тiзбелерi
1. |
«Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
2. |
«Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
3. |
«Биназар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
4. |
«Қызылтал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
5. |
«Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
6. |
«Мойынқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
7. |
«Қылышбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
8. |
«Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
9. |
«Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
10. |
«Күшаман ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
11. |
«Ақбақай кенттік округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
12. |
«Шығанақ кентттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
13. |
«Аксүйек кентттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
14. |
«Хантау кентттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
15. |
«Мыңарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
16. |
«Мирный кентттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. |
17. |
«Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. |
18. |
«Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі. |
19. |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті Мойынқұм ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі. |
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 17 наурыздағы
№ 81 Қаулысына 2-қосымша
2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№ |
Жұмыс түрлері |
Көлемі мен нақты жағдайлары |
Сұраныс |
Ұсыныс |
1. |
Аудан аумағын көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарына көмек көрсету |
1. Арық тазалау |
54 |
36 |
2. |
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуына көмек көрсету |
1.Тал егу, оны суғару |
43 |
29 |
3. |
Ұйымдардағы іс-жүргізуге көмек көрсету |
Құжаттарды ресімдеу |
10 |
7 |
Барлығы |
107 |
72 |