РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздагы № 107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-8-122 болып тіркелген, 2011 жылдың 11 мамырында №40 (6666) «Құлан таңы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне» деген сөздер алынып тасталсын;
2 тармақтағы аудандық шақыру комиссиясы құрамына:
«Ердосов Күмісбек Жарылқасынұлы |
- |
«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);» |
енгізілсін;
көрсетілген комиссия құрамынан Жолдас Бақытжан Жолдасұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Қарсыбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі А.Нұралиев
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Ж.Жолдас
2011 жылғы 24 маусым
«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.С.Қойшыманов
2011 жылғы 24 маусым
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Т.Рысқұлов аудандық орталық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
Ш.К.Мырзалиев
2011 жылғы 24 маусым