2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 сәуірдегі N 60 Қаулысы. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 мамырда 6-9-117 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегiз жастан жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтарға, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгiленген әскери қызмет мерзiмдерiн өткермеген азаматтарға 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Байділдаев Ерғұлан Шәріпбайұлы

-

«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Тоқсанбаева Мағия Жұмабайқызы

-

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Айнекова Гүлжан Дүйсенбайқызы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Сарысу орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Комиссия мүшелері:

Жұмағұлов Бақытжан

-

«Жамбыл облысының ішкі істер департаменті Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Сыдығалиев Ахмад Мамытұлы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Сарысу орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оташы-дәрігері, дәрігерлік комиссия төрағасы (келісім бойынша).

      3. «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Тоқсанбаеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж.Омаров

«КЕЛІСІЛДІ»:

«Жамбыл облысы Ішкі істер Департаменті
Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Нүркенов
05 сәуір 2011 жыл

Жамбыл облысы Жанатас қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.Байділдаев
05 сәуір 2011 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасының Сарысу орталық
аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
Р.Мұханов
05 сәуір 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады