РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 67 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-116 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 мамырдағы № 40 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында «Көлемі мен нақты жағдайлары» бағанасында «Аптасына 40 сағат» деген сөздер «Толық емес жұмыс күні және икемдi кесте бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Боранбаев Бұралқыға жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Омаров
«КЕЛІСІЛДІ:»
«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.Байділдаев
28 маусым 2011 жыл
«Жамбыл облысының Ішкі істер
Департаменті Сарысу ауданының
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Б. Нүркенов
28 маусым 2011 жыл