Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы N 319 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қыркүйекте № 6-10-122 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 523 қаулысымен

      Ескертпе. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 29.10.2013 № 523 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бап 1-тармақ 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 - бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан аудан аумағында орналасқан ұйымдарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары М.Ж.Тұрысбекке жүктелсін.
      
      Аудан әкімі                                А. Қарабалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады