Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы N 39 Қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 наурызында 6-11-105 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 06.01.2016 № 6 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6 тармағына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп белгіленсін.
      2. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      3. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Б.Нүркеновке жүктелсін.
      Шу ауданының әкімі Қ. Жабағиев

  Шу ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 39 Қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар


Елді мекеннің атауы

Үгіт баспа материалдарын орналасқан

жері

1
Төле би ауылдық округі
"Қуаныш" балалар бақшасы жанындағы тақта, Төле би ауылы Балуан Шолақ көшесі № 49/а;
Аудандық мәдениет үйінің ғимараты,
Төле би ауылы Төле би көшесі № 173
2
Шу қаласы
Театральный көшесі № 1, Қалалық мәдениет үйінің жанындағы тақта;
Қ. Сәтпаев пен Ж.Түйебеков көшелерінің қиылысындағы тақта;
Қ. Сәтпаев көшесі,қалалық емхананың ғимараты;
Халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы тақта, Голиков көшесі № 1
3
Алға селолық округі
Жайсан ауылы, Жайсан орта мектебінің жанындағы тақта;
Алға ауылы, Амангелді орта мектебінің жанындағы тақта;
Сауытбек ауылы, ауылдық клуб жанындағы тақта
4
Ақсу ауылдық округі
Оразалы ауылы, Ауылдық клуб жанындағы тақта
5
Ақтөбе селолық округі
Ақтөбе селолық округі әкімі аппараты ғимаратының алдындағы тақта
6
Бірлікүстем селолық округі
Ауылдық мәдениет үйінің жанындағы тақта, Бірлікүстем ауылы
7
Балуан Шолақ селолық округі
Балуан Шолақ ауылы, М. Ғабдуллин орта мектебінің жанындағы тақта
8
Бірлік селолық округі
Бірлік ауылы, Восточная көшесі бойындағы тақта
9
Далақайнар ауылы
Төле би көшесі бойындағы тақта
10
Дулат селолық округі
Бөлтірік ауылы, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жанындағы тақта
11
Жанақоғам селолық округі
Көктөбе ауылы, ауылдық мәдениет үйінің жанындағы тақта
12
Ескішу селолық округі
Ескішу селолық округі әкімі аппараты ғимаратының алдандағы тақта;
Мектеп ғимараты жанындағы тақта, С. Муканов көшесі №3;
Тасөткел су қоймасы
13
Корағаты селолық округі
Жиенбет ауылы, спорт алаңы жанындағы тақта
14
Қонаев ауылы
Қонаев ауылы әкімі аппараты ғимаратының алдындағы тақта
15
Көкқайнар селолық округі
Көкқайнар ауылдық Мәдениет үйінің жанындағы тақта
16
Тасөткел селолық округі
Тасөткел ауылы, Фельдшерлік амбулаторлық пункті ғимаратының алдындағы тақта
17
Шоқпар селолық округі
О. Жандосов атындағы орта мектебінің жанындағы тақта
18
Өндіріс ауылдық округі
Өндіріс ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының алдындағы тақта
19
Жанажол ауылдық округі
Жаңа жол ауылдық округі әкімі аппаратының алдындағы тақта

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады