Қарағанды қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған LІ сессиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 547 шешімі. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 тамызда N 8-1-139 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 мамырдағы № 308 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарағанды қалалық мәслихатының 14.05.2014 № 308 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22 бабы 1-1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 мамырдағы XLIX сессиясының "Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесін бекіту туралы" N 14 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 8-1-55 тіркелген, "Взгляд на события" газетінде 2007 жылғы 11 шілдедегі N 78 (266) және 2007 жылғы 18 шілдедегі N 81 (269) жарияланған), IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы XLI сессиясының "III шақырылған Қарағанды Қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 мамырдағы XLIX сессиясының "Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесін бекіту туралы" N 14 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 423 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 14 қаңтардағы  N 8-1-128 тіркелген, "Взгляд на события" газетінде 2011 жылғы 9 ақпандағы N 016 (768) жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
      Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесінің 118 тармағы алынып тасталсын.
      2. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы XLI сессиясының "III шақырылған Қарағанды Қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 мамырдағы XLIX сессиясының "Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесін бекіту туралы" N 14 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 423 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 14 қаңтардағы N 8-1-128 тіркелген, "Взгляд на события" газетінде 2011 жылғы 9 ақпандағы N 016 (768) жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
      1) шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында "Қалалық" сөзі "қалалық" сөзімен ауыстырылсын;
      2) шешімнің орыс тіліндегі атауының мәтіні өзгермейді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, экология, көлік, байланыс, халыққа коммуналдық – тұрмыстық қызмет көрсету мәселесі бойынша тұрақты комиссияға (төрағасы - Полевой Николай Григорьевич) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІV шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихатының
      кезекті LІ сессия төрайымы                 Л. Айтмағамбетова

      Қарағанды қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Бексұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарағанды қаласы Қазыбек би
      атындағы аудан әкімі                       Ж. Ысқақов
      12.07.2011 ж.

      Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы
      аудан бойынша мемлекеттік санитарлық –
      эпидемиологиялық қадағалау басқармасының
      бастығы                                    Н. Аймағанбетов
      18.07.2011 ж.

      Қарағанды қаласы Октябрь
      ауданының әкімі                            С. Касимов
      30.07.2011 ж.

      Қарағанды қаласы Октябрь ауданы
      бойынша мемлекеттік санитарлық –
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      М. Тлеубергенов
      20.07.2011 ж.

      "Қарағанды қаласының сәулет және
      қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
      мекеме бастығы                             Т. Қалмаханов
      05.07.2011 ж.

      "Қарағанды облысының мемлекеттік
      сәулет – құрылысын бақылау басқармасы"
      мемлекеттік мекеме бастығы                 Б. Айсанов
      19.07.2011 ж.

      Қарағанды облысының төтенше
      жағдайлар бойынша департамент
      бастығы                                    С. Құнанбаев
      19.07.2011 ж.

      Реттеу және бақылау комитетінің
      Нұра – Сарысу экология департаментінің
      бастығы                                    А. Райымбеков
      19.07.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады