III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 мамырдағы XLIX сессиясының "Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесін бекіту туралы" N 14 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХLІ сессиясының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы N 423 шешімі. Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда N 8-1-128 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 мамырдағы № 308 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарағанды қалалық мәслихатының 14.05.2014 № 308 шешімімен.

      Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2011.06.29 N 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22 бабы 1-1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 мамырдағы XLIX сессиясының "Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесін бекіту туралы" N 14 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылғы 27 маусымдағы N 8-1-55 тіркелген, "Взгляд на события" газетінде 2007 жылғы 11 шілдедегі N 78 (266) және 2007 жылғы 18 шілдедегі N 81 (269) жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) кіріспесі келесі редакцияда оқылсын:
      "Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салудың осы Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының: 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, "Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 Қаулысына, басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және субъектілердің жер учаскелерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін пайдалану, елді мекендердің және табиғи аймақтардың аумағын жобалау және құрылыс салу бойынша міндеттері мен талаптарын анықтайды, жаңа объектілерді орналастыру мен құрылысын салуға немесе бар жылжымайтын мүлік объектілерін немесе уақытша құрылыстарды өзгертуге (қайта кескіндеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта құру, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат ететін рәсімдерді өту тәртібін орнатады, Қарағанды қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырумен байланысты басқа қатынастарды реттейді.";
      2) Ереженің 2 тармағындағы "міндетті" сөзі "әзірленген" сөзімен ауыстырылсын;
      3) Ереженің 4 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "4. Гараж – Қарағанды қаласының аумағында орналасқан, автокөлiктердi сақтауға арналған уақытша (металл) немесе күрделi құрылыс. Гараждың көлемi осы Ереженің 45 қосымшаларына сәйкес алынады.";
      4) Ереженің 22 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "22. Мемлекеттiк сәулет - құрылысын бақылаудың жергілікті органы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында бақылау - қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын, Қарағанды облысы әкімдігімен өкілдік берілген мемлекеттік сәулет – құрылысын бақылаудың атқарушы органы.";
      5) Ереженің 23 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "23. Мемлекеттiк бақылау органдары - жоба және құрылыс жұмыстарының құрылыстық, өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, табиғатты қорғау және өзге де нормаларға сәйкестiгiн келiстiрудi жүзеге асыратын жергiлiктi және/немесе аумақтық мемлекеттiк орган.";
      6) Ереженің 24 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "24. Мердігер – Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензияға сәйкес тапсырысшымен шарт бойынша құрылыс - монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.";
      7) Ереженің 25 тармағындағы "Өз еркiмен салынған құрылыстар (салыным)" сөзі "Заңсыз салынған құрылыс (салыным)" сөзімен ауыстырылсын;
      8) Ереженің 28 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "28. Сәулет және қала құрылысының жергілікті органы - сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, Қарағанды қаласының әкімдігімен өкілдік берілген сәулет және қала құрылысының атқарушы органы.";
      9) мемлекеттік тілдегі Ереженің 30 тармағындағы "қадағалау органы" сөздері "мемлекеттік бақылау органы" сөздерімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі Ереженің 30 тармағындағы "с органами государственного надзора" сөздері "с органами государственного контроля" сөздерімен ауыстырылсын;
      10) Ереженің 42 тармағындағы "сәулет, қала құрылысы және құрылыстың жергiлiктi органы" сөзі "сәулет және қала құрылысының жергiлiктi органы" сөзімен ауыстырылсын;
      11) Ереженің 43 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда оқылсын:
      "2) жер учаскесiне жергілікті атқарушы органның шешімі немесе құқығын белгілейтін құжаттар, бар объектiлердi өзгертуге - қайта құруға (қайта жобалау, қайта жабдықтау) жергiлiктi атқарушы органның рұқсаты;";
      Ереженің 43 тармағының алтыншы абзацы келесі редакцияда оқылсын:
      "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшiн қажеттi бастапқы материалдардың құрамы мен көлемi мемлекеттiк нормативтiк құжаттармен белгiленедi.";
      12) Ереженің 57 тармағындағы "Қоныстану аумағындағы гараждың көлемi бiр машина-орын 4 х 6 қабырға осiнен аспауы қажет." сөздері алынып тасталсын;
      13) Ереженің 58 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "58. Металл гараждарды кварталдағы, үй жанындағы аумақтарда орналастыруға автокөлiкке осы Ереженің 5 қосымшасына сәйкес техникалық паспорты және гараж орналастыруға негiзделген ауданда тiркелiмде болуымен қоса уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға сұралатын аумақтың сәулет-қала құрылысы ахуалдары болған жағдайында Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне және оларға теңестiрiлген тұлғаларға, 1 топ мүгедектерiне рұқсат етiледi.
      Орналастыру және қызмет көрсету кезiнде бар жасыл көшеттердi кесу қажет болса, гараждарды орналастыруға жол берiлмейдi.";
      14) Ереженің 59 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "59. Автотұрақтар бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес (осы нормалардың талаптарын есепке ала отырып) жер деңгейінен төмен және/немесе жоғары орналасуы, жер асты және жер үсті бөлімдерден (жерасты және жерүсті қабаттардан, соның ішінде осы ғимараттардың шатырларын пайдаланумен) құрылуы, басқалардың ғимараттарына жапсарлас немесе оларға қосалқы салынуы, сонымен қатар осы ғимараттардың астында жерасты, подвал, цокольды немесе төменгі жерүсті қабаттарда, сонымен қатар жер деңгейіндегі арнайы жабдықталған ашық алаңшаларда орналасуы мүмкін.
      Автотұрақтардың жер асты қабаты деп үйдің еден белгісін белгілеген кезде жердің жоспарлы белгісінен үй – жайдың жарты биіктігінен асатын төмен қабатты айтады.
      Жер асты автотұрақтарды сонымен қатар жер үсті бөлігін абаттандырумен, балалардың ойын және спорт алаңшаларын орнатумен, көгалдандырумен, кіші сәулет пішіндерін орнатумен құрылысы салынбаған аумақтарда (өтпе жолдардың, көшелердің, алаңшалардың, гүлзарлардың, көгалдардың астында) орналастыруға рұқсат беріледі.
      Ашық алаңшаларда және автомобильдерді уақытша сақтау үшін төбе астында орналасқан алаңшаларда қатты жабын (асфальт – бетон, бетон) және автомобиль осьтерінің ұзындығы бойымен 1 пайыздан аспайтын және көлденең 6 пайыздан аспайтын еңістер болуы тиіс. Автотұрақ қоршауы 50 мм х 200 мм торлармен 5,0 миллимитр сымнан (МЕМСТ 3282-74 бойынша) дәнекерленген мырышпен қапталған тордан (полимермен қапталған торды да пайдалануға болады) жасалуы тиіс.
      Дәнекерленген тордың стандарт секциясының көлемі 2000 мм х 2500 мм.
      Іргелес аумақ абаттандырылуы және көгалдандырылуы, кірме жолдар, өртке қарсы шығу жолдары ұйымдастырылуы, қоршау өлшемі бойынша жарықтандыру тіректері орнатылуы тиіс. Оператор үй – жайы ретінде биіктігі 6.0 метрден жоғары емес, 6.0 м х 4.0 м аспайтын жоспарланған көлеммен бір (екі) қабатты ғимарат қарастырылсын. Бірінші қабатында құрал – саймандарды сақтайтын үй – жайы, екінші қабатында – күзет үй – жайы қарастырылсын.
      Автотұрақ аумағында автокөлiктi қою келесi аралықтардың сақталуымен жүзеге асырылады:
      автомобильдердiң бойлық жағының арасы - 1,1 метрден кем емес;
      автомобильдердiң ендiк жақ аралығы - 0,5 метрден кем емес;
      автомобильдердiң ендiк жағынан қоршауға дейiн - 0,5 метрден кем емес;
      автомобильдердiң ендiк жағынан стационарлы техникалық құрылымға дейiн - 0,3 метрден кем емес;
      автотұрақ аумағындағы ғимараттан және құрылыстардан (бақылау-өткiзу пунктi - күзет үй-жайы, техникалық қызмет көрсету станциясы, авто жуу) - автокөлiк сақтау орнына дейiн - 9 метрден кем емес.";
      15) Ереженің 61 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "61. Тұрғын және қоғамдық бағыттағы көп қабатты ғимараттарға жапсаржай құрылысын салуға жобалық шешiмдер жергілікті сәулет және қала құрылысы органымен келiсiледi.
      Бар тұрғын үйлерге жапсаржай салуға жылжымайтын объектiлердi тұрғын құрылыстан тұрғын емес құрылысқа шығару арқылы құрылыс салушы барлық үй қасбетiнiң жоба шешiмiн ұсынған және бірінші қабаттан жоғары емес болған жағдайда жол берiледi. Алайда жапсаржайды аула ішіндегі аумақта салуға жол берілмейді.
      Бар көп пәтерлi тұрғын үй жапсаржайы есебiнен тұрғын пәтер алаңын кеңейтуге жол берiлмейдi.";
      16) Ереженің 76 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "76. Қарағанды қаласының аумағында тиісті сәулет – қала құрылысы жағдайы болған жағдайда газет, журнал сататын киоскілерді орналастыруға рұқсат беріледі.";
      17) Ереженің 78 тармағы алынып тасталсын;
      18) Ереженің 79 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "79. Тұрмыстық қызмет көрсету бойынша киоскiлер (аяқ киім, былғары галантерея және қол шатырларды жөндеу) аула iшiндегi аумақтарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көрсетiлген тәртiпте орналастырылады.";
      19) Ереженің 83 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "83. Тарихи – мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылысты реттеу аймақтарының және табиғи ландшафты қорғау аймақтарының шекаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.";
      20) мемлекеттік тілдегі Ереженің 84 тармағындағы "болу қажет" сөздері "болуы тиіс" сөздерімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі Ереженің 84 тармағындағы "обязаны" сөзі "должны" сөзімен ауыстырылсын;
      21) Ереженің 85 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "85. Құрылысы аяқталмаған объект құрылыс торымен жабылады, аяқталмаған құрылыс көлемi бар объектiлер аумағы төмендегiдей болуы тиіс:
      1) жүргiншiлер қозғалысының қауiпсiздiгi үшiн енi бір метр қалқан орнатумен биiктiгi екі метрден кем емес тұтас дуалмен қоршалған және қоршау өлшемі бойынша жарықтандырылған;
      2) құрылыстық немесе өзге қоқыстардан бос.";
      22) Ереженің 89 тармағының екінші абзацы келесі редакцияда оқылсын:
      "Сонымен қоса көп қабатты тұрғын үй құрылысының кварталiшiлiк аумағында жер үстiндегi инженерлiк желiлердің құрылысын салуға жол берiлмейдi.";
      23) Ереженің 90 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "90. Инженерлік желілердің және құрылыстардың құрылысын салу, жөндеу және қайта құру бойынша, құрылыс алаңшаларына уақытша қоршау орнатуға және ұңғыма бұрғылауға жер жұмыстарын жүргізу үшін келісу парағын ресімдеу қажет.
      Келісу парағын алу үшін құрылыс салушы (тапсырысшы) сәулет және қала құрылысының жергілікті органына өтінішпен жүгінеді.
      Жер жұмыстарын жүргізуге келісу парағын алу үшін қажетті құжаттар:
      инженерлік желілер құрылысын салу үшін жобалық жұмыстарды бастамас бұрын жобалау үшін трассаны көрсетумен сәулет пен қала құрылысының жергілікті органымен, "Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесімен келісілген масштабы 1:5000 Қарағанды қаласының жоспарынан сызбасы алынады. Трассаны көрсететін жоба техникалық талаптарды берген ұйыммен және сәулет пен қала құрылысының жергілікті органымен келісілген масштабы 1:500 түзетілген топографиялық суретте орындалады;
      жер асты инженерлік желілерді жөндеу мен қайта құру бойынша масштабы 1:500 түзетілген топографиялық суретте жөндеу учаскесі көрсетіледі (белгіленеді) және сәулет пен қала құрылысының жергілікті органымен келісіледі;
      құрылыс алаңшаларының уақытша қоршауын орнату үшін түзетілген топографиялық суретте 1:500 масштабында жасалған жобаның бас жоспарында қоршау орнату шекаралары көрсетіледі (белгіленеді) және сәулет пен қала құрылысының жергілікті органымен келісіледі;
      ұңғыманы бұрғылау кезінде түзетілген топографиялық суретте 1:500 масштабында жасалған жобаның бас жоспарында ұңғыма орындары көрсетіледі (белгіленеді) және сәулет пен қала құрылысының жергілікті органымен келісіледі.";
      24) Ереженің 91 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "91. Жер жұмыстарын жүргізуге келісу парағын тапсырысшы мүдделері қозғалатын мүдделі барлық жеке және заңды тұлғалармен өзі келіседі.
      Ұсынылған қолдардың дәлдігіне және дұрыстығына тапсырысшы жауап береді.
      Құрылыс, инженерлік желілер мен құрылыстарды жөндеу бойынша жер жұмыстары (соның ішінде ұңғыма бұрғылау және құрылыс алаңшасына уақытша қоршау орнату) мүдделі тұлғалармен келісілгеннен кейін 90 күннің ішінде жүргізіледі.";
      25) Ереженің 92 тармағындағы "жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарының" сөздері "жергілікті сәулет және қала құрылысы органының" сөздерімен ауыстырылсын.
      мемлекеттік тілдегі Ереженің 92 тармағындағы "сәулет-құрылыстық бақылаудың аумақтық мемлекеттiк басқармасының" сөздері "мемлекеттік сәулет - құрылысын бақылаудың жергілікті органының" сөздерімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі Ереженің 92 тармағындағы "государственного архитектурно-строительного контроля" сөздері "местного органа государственного архитектурно-строительного контроля" сөздерімен ауыстырылсын;
      26) Ереженің 94 тармағындағы "міндетті" сөзі "тиіс" сөзімен ауыстырылсын;
      27) Ереженің 98 тармағындағы "міндетті" сөзі "тиіс" сөзімен ауыстырылсын;
      "мемлекеттiк сәулет - құрылыс бақылау басқармасының" сөздері "мемлекеттік сәулет - қала құрылысын бақылаудың жергілікті органының" сөздерімен ауыстырылсын;
      28) Ереженің 99 тармағындағы "мемлекеттiк сәулет - құрылыс бақылау басқармасымен" сөздері "мемлекеттік сәулет – құрылысын бақылаудың жергілікті органымен" сөздерімен ауыстырылсын;
      29) Ереженің 100 тармағындағы "міндетті" сөзі "тиіс" сөзімен ауыстырылсын;
      30) Ереженің 101 тармағындағы "міндетті" сөзі "тиіс" сөзімен ауыстырылсын;
      31) Ереженің 103 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "103. Құрылысы аяқталған инженерлiк желiлердi пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы (қабылдау комиссиясы) жүзеге асырады.";
      32) Ереженің 105 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "105. Құдықтардың, жылу камераларының, көшелердегi люктердің, инженерлік желілердің жер үсті құрылыстарының иесі (пайдалануға беру ұйымы) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етеді.";
      33) Ереженің 109 бабының бірінші абзацы келесі редакцияда оқылсын:
      "109. Жаңа құрылыс салуға және бар объектіні өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органына сұралған (жоспарланған) объект құрылысын салу үшін жер учаскесін беру (бар қосымша учаскесіне кесіп берілге учаске) туралы өтінішімен жүгінеді.";
      Ереженің 109 тармағының екінші абзацы келесі редакцияда оқылсын:
      "Өтiнiшке меншiк учаскедегі немесе жаңа аумақтағы учаскенiң қажет шекарасы, оның нысаналы мақсаты, құрылыстың жиiлiк және объектінің қуат көрсеткiштерi көрсетілген орналастыру сызбасы қоса ұсынылады.";
      34) Ереженің 110 тармағындағы "Жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органы" сөздері "Жергiлiктi сәулет және қала құрылысының органы" сөздерімен ауыстырылсын;
      35) Ереженің 111 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "111. Құрылыс салушы ұсынған қала құрылысы және сәулет – құрылысы құжаттамасын қарастыру және келісу мемлекеттік бақылау органдарымен екi апталық мерзiмде жүзеге асырылады.";
      36) Ереженің 114 тармағы алынып тасталсын;
      37) Ереженің 116 тармағындағы "сәулет, қала құрылысы және құрылысының жергiлiктi органдарына" сөздері "жергiлiктi сәулет және қала құрылысының органына" сөздерімен ауыстырылсын;
      ", жоба күрделi болған жағдайда екi аптадан" сөздері алынып тасталсын;
      38) Ереженің 117 тармағындағы "10 күн" сөздері "5 жұмыс күні" сөздерімен ауыстырылсын;
      39) Ереженің 118 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "118. Құрылыс - монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат беру екi кезеңде жүзеге асырылады:
      1-кезең - келесi жұмыс түрлерi жататын құрылыс аумағы:
      құрылыстың бас жоспарына сәйкес құрылыс алаңының аумағын қоршау;
      объектiнiң негiзгi көрсеткiштерiн көрсетумен объект паспортын бекiту;
      уақытша ғимаратта құрылыстарды орнату және олардың уақытша алаңiшiлiк желiлерге қосылуы;
      уақытша алаңiшiлiк және алаңнан тыс инженерлiк желiлер төсеу;
      уақытша өтпе жол, жол және алаңдар орнату;
      көшенiң жүргiн жағын ластайтын, құрылыс алаңшаларына өтетін көлік құралдарының дөңгелектерін топырақтан, саз – балшықтан жуу және тазалау үшін қондырғы.
      Бiрiншi кезең қабылдау комиссиясының мүшелерi, аудан әкiмдерi құрған қала аудандарының әкiмi аппараттарының өкiлдерi, өртке қарсы және санитарлы-эпидемиологиялық қадағалаулар, жол полициясы бөлiмдерi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары бөлiмi және өзге де мүдделі органдар қол қоятын құрылыс алаңының дайындық актiсiмен ресiмделедi.
      2-кезең - тапсырысшы құрылыс алаңының дайындық актiсiн ұсынған соң құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсатты (себептi бас тартуды) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сәулет-бақылау органы бередi.";
      40) Ереженің 119 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "119. Құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат өтініш пен тізімін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган орнататын қоса ұсынылған құжаттар негізінде беріледі.";
      41) Ереженің 120 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "120. Егер объектіні немесе объектілер кешенін кезең-кезеңмен жобалау және салу көзделетін және осындай жобаларға мемлекеттік сараптама сараптамалық сүйемелдеу режимінде (жобалаудың тиісті кезеңдері бойынша тиісті жергілікті оң қорытындылар ресімдей отырып) жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, рұқсат объект (кешен) бойынша тұтас құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге беріледі. Көрсетілген жағдайларда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат объектінің немесе кешеннің құрамына кіретін жекелеген блок (ғимарат, құрылыс) бойынша, сондай-ақ құрылыстың жекелеген кезеңдерін - қазаншұңқырлар қазу жөніндегі жер жұмыстарын, коммуникациялар төсеу, іргетастар салу жөніндегі және құрылыс-монтаж жұмыстарының құрамына кіретін басқа да жұмыстарды орындауға беріледі.";
      42) Ереженің 121 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "121. Құрылыс – монтаж жұмыстарын (құрылыс бастауға) жүргізуге рұқсат алу үшін өтінушінің ұсынған құжаттары өтініш берілген сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарастырылады.
      Құрылыс – монтаж жұмыстарын (құрылыс бастауға) жүргізуге рұқсат жобалық құжаттама (жоба – смета) құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімінде әрекет етеді. Егер объект нормативтік ұзақтық мерзімі ішінде аяқталмаса, тапсырысшы (құрылыс салушы) құрылысты жалғастыру үшін жаңа рұқсат алуы тиіс.";
      43) Ереженің 122 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "122. Құрылысты жалғастыру үшін жаңа рұқсат осы Ереженің 119 тармағы негізінде беріледі.";
      44) 123 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "123. Құрылыстың бастапқы тапсырысшысы (құрылыс салушы) немесе құрылыс жүргізген мердігер (бас мердігерлік) үйымының ауысуы кезінде бұрын берілген рұқсат тапсырысшының өтініші бойынша қайта тіркелуге жатады. Мұндай өтініш өзгеріс болған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн мерзімінен кешіктірмей рұқсат берген органға беріледі.
      Қарсы жағдайда бұрын берілген рұқсат қайта тіркеуге өтініш беру мерзімінің аяқталуы бойынша күшін жояды.";
      45) 124 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "124. Тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй- жайларды, сондай-ақ оның өзге де бөліктерін өзгертуге мүдделі және жергілікті атқарушы органның тиісті шешімі бар адамдар тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға рұқсат алу үшін жергілікті (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына өтініш береді.
      Өтінішке:
      1) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін үй-жайға (ғимараттың бір бөлігіне) меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не үй-жайлардың немесе ғимараттың бөліктерінің меншік иесінің (меншік иелерінің) оларды өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
      2) тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған ұйғарылып отырған өзгерістердің жобасы (нобай) қоса беріледі.";
      46) Ереженің 125 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "125. Егер жоспарланған үй – жайды (тұрғын үй бөлігін) қайта құрған (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй – жай шекарасын көшірген кезде өзгертілетін үй – жайға іргелес басқа үй – жайлар иелерінің мүдделері қозғалатын болса, өтінішке олардың нотариуспен расталған өзгертуге жазбаша келісімі қоса берілуі тиіс.
      Қайта құруға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) тапсырысшының басқа меншік иелерінен көрсетілген келісімді алу қажеттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 Қаулысымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру Ережесімен қарастырылған тәртіпте жобаны әзірлеу деңгейінде орнатылады.";
      47) Ереженің 126 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "126. Бар үй – жайларды өзгерту бойынша құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) өтінушіде өзгертілетін объектіге тиісті меншік құқығы немесе өтінген өзгертуге үй – жай немесе ғимарат бөлігі иесінің (бірлескен меншік иесі), сонымен қатар көрсетілген өзгерістер мүдделерін қозғайтын басқа үй – жай иелерінің нотариуспен расталған жазбаша келісімі болмаса;
      2) жоспарланған өзгерістер үй - жайды нормативтік – құқықтық актілермен немесе нормативтік – техникалық құжаттармен тыйым салынған немесе шектелген қызмет түрі үшін пайдалану көзделсе;
      3) өзгеріс жобасының техникалық талаптарға немесе мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес болмаса.
      Негізделген бас тарту өтінушіге құжаттары сәйкес келмейтін нақты нормативтік құқықтық актілерін және (немесе) нормативтік – техникалық құжаттарды көрсетумен жазбаша түрде беріледі.
      Рұқсат беру бойынша алынған бас тартудың негізі болған ескертулерді өтінуші жойған жағдайда қайта жазылған өтініш жалпы негіздерде қарастырылады.";
      48) Ереженің 127 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "127. Үй – жайды (ғимарат бөлігін) өзгерту бойынша құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту өтініші өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";
      49) Ереженің 134 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "134. Құрылыс, қайта құру, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу аяқталғаннан кейінгі (объектілер толық дайын болған жағдайда) объектілерді пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.";
      50) Ереженің 136 тармағы келесі редакцияда оқылсын:
      "136. Белгіленген тәртіпте бекітілген құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау актісі объектіні жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен келісім – шарттарды тіркейтін мемлекеттік органда тіркеу үшін негіз болып табылады.";
      51) Ереже осы шешімнің 12 қосымшаларына сәйкес 4 және 5 қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, экология, көлік, байланыс, халыққа коммуналдық – тұрмыстық қызмет көрсету мәселесі бойынша тұрақты комиссияға (төрағасы Полевой Николай Григорьевич) жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін іске қосылады.

      IV шақырылған Қарағанды қалалық
      мәслихатының кезекті XLI сессия
      төрайымы                                   Н. Сухорукова

      Қарағанды қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Бексұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарағанды қаласы Қазыбек би
      атындағы аудан әкімі                       Е. Отаров
      13.12.2010

      Қарағанды қаласы Октябрь
      ауданының әкімі                            С. Касимов
      15.12.2010

      "Қарағанды қаласының сәулет және
      қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
      мекеме бастығы                             Т. Қалмаханов
      13.12.2010

      "Қарағанды облысының мемлекеттік
      сәулет – құрылысын бақылау басқармасы"
      мемлекеттік мекеме бастығы                 Б. Айсанов
      13.12.2010

      Реттеу және бақылау комитетінің
      Нұра – Сарысу экология департаментінің
      бастығы                                    А. Райымбеков
      14.12.2010

      Қарағанды облысының төтенше
      жағдайлар бойынша департамент
      бастығы                                    С. Құнанбаев
      14.12.2010

      Қарағанды қаласы Қазыбек би
      атындағы аудан бойынша мемлекеттік
      санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Н. Аймағанбетов
      14.12.2010

      Қарағанды қаласы Октябрь ауданы
      бойынша мемлекеттік санитарлық –
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Ж. Мыңбаев
      14.12.2010

Қарағанды қалалық мәслихатының
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
N 423 шешіміне
1 қосымша

Қарағанды қаласының аумағында
құрылыс салу Ережесіне
4 қосымша

1 машина – орынға күрделі гараждың типтік жобасы

              Кесік 1-1                                   Бас қасбет

      Жоспар                   Жер учаскесінің көлемі 27,5 шаршы метр

Қарағанды қалалық мәслихатының
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
N 423 шешіміне
2 қосымша

Қарағанды қаласының аумағында
құрылыс салу Ережесіне
5 қосымша

1 машина – орынға металл гараждың типтік жобасы

                   Кесік 1-1                               Бас қасбет

      Жоспар                  Жер учаскесінің көлемі 24,0 шаршы метр

      Ескертпе:

      1. Ара қашықтықты тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар терезелерiнен және жалпы бiлiм беретiн мектептер және мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнен гараж қабырғасына дейiн немесе ашық автотұрақ шекарасына дейiн анықтау қажет.
      2. Ара қашықтықты қоныстану аумақтарында орналастырылған қасбеттер бойымен орналастырылған тұрғын үйлерден 101-300 автомашина сиятын ашық алаңға дейiн 50 метрден кем емес етiп қолдану қажет.
      3. Өртке қарсы 1-2 дәрежедегi гараждар үшiн 3 қосымшада көрсетiлген ара қашықтықты гараждарда ашылатын терезелер, сонымен қатар тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар жағына шығатын есiк болмаған жағдайда 25%-ке дейiн қысқартуға болады.
      4. Гараждар және жеңiл автомобильдердi сақтауға арналған 300 машина-орын сиятын және ашық автотұрақтардың және күзет постiлерi 30-дан астам болғанда техникалық қызмет көрсет станциясы тұрғын үйлерден 50 метр арақашықтықта орналастырылуы қажет. Арақашықтық мемлекеттiк санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау органымен келiсiм бойынша анықталады.
      5. 10 машинадан астам сиымдылықтағы гараждар үшiн 3 қосымшада көрсетiлген ара қашықтық интерполяция бойынша қолдануға жатады.
      6. Азаматтардың меншiгiне жататын бокс типтес бiр қабатты гараждарда жертөле орнатуға рұқсат етiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады